Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3856 0 пікір 28 Қазан, 2009 сағат 06:09

«ТАРИХЫН ЖӘНЕ ҰЛТЫН ҚОРЛАҒАН НАДАНДАР ТУРАЛЫ!»

27-ші қазан, 2009 ж.                                                                                              Алматы қ.

Қазанның 20-да мемлекет азаматтары Елордадағы алаңда «Қазақ елі» монументінің салтанатты түрде ашылуына қатысып, жоғарғы шенді мемлекеттік қызметкерлер арқырап сөйлеп жатқан кезде осы елдің негізін қалап кеткен хандар Жәнібек пен Керейдің және қазақ батырларының ескерткіштері батпақ далада жетімсіреп жатты. Бұл ақпаратты үнсіз жүріп шыдай алмаған мемлекеттік қызметкерлердің бірі БАҚ өкіліне хабарлап, оның фотосуреттерін жіберген. Олай болмаған жағдайда бұны қазақ қоғамы білмей қалуы да мүмкін еді. Ата-бабаларымыздың аруағын кері аунатып, арсыздыққа, надандыққа барған азаматтарды бүгін ақпарат беттерінде қалың қазақ қарғап жатыр.

Елін, жерін жаулардан сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беріп келген хандар мен батырлар мүсіндерінің Астана төрінен орын таппай маң далада елеңсіз қалуы - биліктің мемлекет-құраушы ұлт тарихына деген қиянаты деп есептейміз.

Бастапқы жоба бойынша бүгінгі жетімсіреп қалған ата-бабаларымыздың мүсіндері монументтің құрамында болуы қажет екен. Оған Астана қаласының әкімдігі арнайы қаржы бөліп, Қытайда жасатқан. Бірақ белгісіз жағдайға байланысты Астана қаласының әкімі ауысқаннан кейін бұл мүсіндер жарамайдыға шығарылған.

Не себепті бұл композиция өзгертілген және кім өзгерткен оны?! Халық қалтасынан шыққан қаржы үшін кім жауапты? Президент Н.Назарбаевтың өзі 2007 жылы «Қазақ елі» монументінің іргетасын қарастырған кезде Қазақ мемлекетінің негізін қалаған хандар, билер және батырлар болу керек деп айтқан емес пе? Енді қайда олар? Кім тұр олардың орнында?!

Тарихына, ұлтына, болашағына түкіріп отырған күшіктер өз бетін тағы да ашты. Бұндай арсыздықты, надандықты қазақ халқы биліктегі өз ұлтының өкілдерінен ешқашан көрген емес. Сондықтан  кез келген жүрегі «қазақ» деп соққан, сондай-ақ қазақ жерінде тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдері бұған қарап жатпауы тиіс. Бірігіп, қазақтың ұлы тұлғаларының мүсінін қадірлі төрге жайғастыру қажет. Енді бір ақпаратқа жүгінсек, биліктің бұл мүсіндерді Астанадағы «Арай» саябағына қоя салатын ойы бар көрінеді. Олай болса, ғұламаларды саябақта тұратын түлкі, тышқан, аю секілді жануарлармен тең қойып, оларға сайқымазақ ретінде қарағаны ғой...

Осындай күн сайынғы дамып келе жатқан жағымпаздық, жеке басқа табынушылық, арамтамақтық секілді шіріген қылықтар отанға деген махаббат, оның тарихына деген құрмет, үлкендерге көрсететін қошемет, жастарға деген тәлім-тәрбие секілді құндылықтарды басып кеткен секілді. Бұның бәрі жастарды неге үйретеді?! Қайда алып барады?! Бұнымен біз нендей дәрежеге жетеміз?!

Қалыптасқан жағдайға байланысты «Абырой» жастар қозғалысы мен «Ел болашағы» қозғалысы былайша мәлімдейді:

  • Президент Н.Назарбаев мырза белең алған жағдайға байланысты тез арада тарихқа бұндай қастандық жасаған шенеуніктерді тауып, жауапқа тартуы тиіс.
  • Қазақ хандығының негізін қалаушы хандары мен батырларының мүсіндерін Астанадағы «Қазақ елі» монументінің қасына жайғастыру керек.
  • Қазақстан азаматтарын, үкіметтік емес ұйымдарды, саяси партияларды және депутаттарды осы талаптарды қолдауын сұраймыз.
  • Егерде билік бұл жағдайға еш әсер етпей, қойылған талаптар орындалмаса, қарашаның 15-нен бастап республика бойынша жастардың наразылық акциясын бастаймыз.

Аруақтың қарғысынан, халықтың қаһарынан сақтан!!!

«АБЫРОЙ» ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫ

«ЕЛ БОЛАШАҒЫ» ҚОЗҒАЛЫСЫ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019