Каспийді құтқару: Дүниежүзілік банк қаражат бөлмек
Дүниежүзілік банк Қазақстан, Әзірбайжан және Түрікменстанның қатысуымен Каспий теңізіне арналған экожобаны мақұлдады.
Ластанумен күресуге және биоәртүрлілікті қорғауға Жаһандық экологиялық қордан (ЖЭҚ) $11,74 млн грант бөлінеді, сонымен қатар қосымша $8,24 млн тарту жоспарлануда. Жоба ынтымақтастықты нығайтуға және Тегеран конвенциясы бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған.
Abai.kz