Бейсенбі, 16 Сәуір 2026
Жаңалықтар 183 0 пікір 16 Сәуір, 2026 сағат 14:17

Қазақстан Иранмен келісімдерді тоқтатты ма?!

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды

Сенаттағы брифингте журналистер ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтен Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты отандық кәсіпкерлер қандай шығынға ұшырап жатқанын сұрады. Ол қазіргі таңда көптеген бизнес-жобалар тоқтап тұрғанын мәлімдеді. 

Оның айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер әзірге күту режимінде. Сонымен қатар вице-министр нақты қандай жобалар екенін нақты айтпады.

Бізде астық жеткізу болған. Азық-түлік өнімдерімен өзара алмасу жобалары да бар еді. Бәлкім, олардың барлығы қазір кідірісте тұрған шығар, – дейді Арман Исетов.

Соғыс салдарынан болған қаржылық және инвестициялық шығындар туралы сұраққа вице-министр ірі шығындардың жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, инвестиция көлемі айтарлықтай көлемді болмаған.

Дегенмен, Иранмен арадағы әріптестік қарым-қатынасты ескерсек, белгілі бір әсері бар. Бірақ ол аса ауқымды емес, – деп түйіндеді Арман Исетов.

Abai.kz

0 пікір