Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1803 0 пікір 17 Сәуір, 2026 сағат 13:58

Израиль мен Ливан 10 күндік бітім жариялады

Сурет: aa.com.tr сайтынан алынды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітімгершілік орнағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол вице-президент Вэнске, мемлекеттік хатшы Рубиоға және Штаб бастықтарының біріккен комитетінің төрағасы Кейнге тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін Израиль және Ливан тараптарымен жұмыс істеуді тапырды.

«Мен үшін бүкіл әлемде 9 соғысты тоқтату үлкен бір мәртебе, бұл оныншысы болмақ, ендеше іске сәт, мұны да жүзеге асырайық», - деп жазды Трамп.

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио мен Ливан президенті Аун арасындағы келіссөздерден кейін, Трамп та Ливан лидерімен тікелей сөйлескен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1028
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2576
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 718
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 680