Жұма, 17 Сәуір 2026
Жаңалықтар 140 0 пікір 17 Сәуір, 2026 сағат 14:01

2028 жылы 4 миллион адам босқынға айналуы мүмкін!

Сурет: mostmedia.io сайтынан алынды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, соғыстар мен гуманитарлық көмектің азаюы салдарынан 2028 жылға қарай 4 миллионнан астам адам босқынға айналуы мүмкін!

Гуманитарлық бағдарламаларды қаржыландырудың қысқаруынан 2027 жылдың соңына қарай дүниежүзі бойынша 4 миллионнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болуы мүмкін. Бұл туралы Данияның босқындар ісі жөніндегі кеңесінің бас хатшысы Шарлотта Сленте айтты.

Халықаралық Қызыл Крест комитетінің мәліметінше, қазірдің өзінде әлемде 117 миллионға жуық мәжбүрлі қоныс аударушылар бар.

Сонымен қатар, қақтығыстар саны шамамен 130-ға жеткен, бұл XXI ғасырдың басындағы көрсеткіштерден екі есе көп.

Қоныс аударушылар санының ең көп өсімі соғыс 4-ші жыл қатарынан жалғасып жатқан Суданда күтілуде. Тек осы кезеңнің өзінде 13,5 миллион адам баспанасын тастап кеткен, ал алдағы 2 жылда тағы 670 мыңға жуық адам босқынға айналуы мүмкін.

Сондай-ақ, қаражат тапшылығына байланысты БҰҰ агенттіктері көршілес Чадтағы босқындарға су мен азық-түлік жеткізуді қысқартуға мәжбүр болуы мүмкін екені атап өтілді.

Abai.kz

0 пікір