Ресейге қарсы 40 күндік жорық: Киевтің есебі қандай?
Жақында Зеленский жариялаған 40-күндік Путинді соғысты тоқтатуға мәжбүрлеу тапсырмасының мерзімі аяқталады.
Нәтижесі айтарлықтай. Осы тапсырма аясында украиндар төрт бағытта жұмыс жасады:
1) Қырымды толықтай бұғаттау, бензинсіз, светсіз қалдыру. Орындалды
2) Экономикасын қирату. Валберис қоймалары смкм болып жатыр. Бүгін 19-шы қоймасы кетті Владимир облысында. Өте ірі қоймалардың бірі болып шықты - 176000м2. Бұл Валберис дегеніңіз РФ халықтық бизнесінің почти 40%-і екен.
3) МӨЗ, базалар, ЛПДС, т.с.с. Күн сайын бірінен-соң бірі қирап жатыр.
4) «Көлеңкелі флотты» құрту. Орындалып жатыр.
Мұның салдарын ешкім де болжап біле алмайды кәзір, өйткені РФ-да статистика жоқ, бәрі өтірік. Бірақ бір кездері бұл соққылардың эффектісі айқын көрінетін болады - бір ФСБ офицері Путиннің алдына папканы тастайды: «Владимир Владмирович, әрі қарай соғысты жалғастыра алмаймыз, катастрофа, ақша жоқ» - дейді.
Осыған байланысты Будановтың бүгінгі мәлімдемесі: «Қандай да бір мерзіммен шектеліп қалмауымыз керек, қанша болса сонша, мүмкіндік жеткенше қирата беруіміз керек», - деді ол. Яғни 40 күн өтісімен соққы беру тоқтап қалмайды, жалғаса береді.
Жалпы соғыс бумеранг сияқты - кім бастаса соған түбі айналып келеді. Геленжиктегі оқиға соған куә - бір украин дроны өз жөнімен ұшып бара жатады. Геленжикте жұмысы жоқ, басқа бағытта кетіп бара жатқан сол дронды орыстардың ӘҚЖ-сі атып түсіреді. Ол барады да Геленжиктегі пляжда суға түсіп жүрген адамдардың үстіне құлайды. Одан 6 адам қаза табады, оның үшеуі бала екен. Енді мұны РФ БАҚ-тары әрі-бері шулатады - бұлар фашистер, бейбіт тұрғындарды қырып жатыр, т.с.с.
Қуаныш Еділхантегі
Abai.kz