Сейсенбі, 21 Сәуір 2026
Жаңалықтар 117 0 пікір 21 Сәуір, 2026 сағат 15:03

Қазақстанда қазақы тазы мен төбеттің күні белгіленді

Сурет altainews.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда 2026 жылдан бастап жаңа ресми мереке – Қазақы тазы мен төбеттің күні атап өтіледі.

Үкіметтің арнайы қаулысына сәйкес, мереке жыл сайын 3 қыркүйекте атап өтілетін болады. Қазақтың ұлттық мұрасы мен дәстүрінің бір бөлігі саналатын қазақы тазы мен төбет иттерінің мәртебесін көтерудің маңызы зор. Тазы итті сақтау және кеңінен насихаттау мақсатында осындай шешім қабылданды.

Тазы мен төбет – ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасап келе жатқан құнды ит тұқымдары. Әсіресе, аңшылықта серік болған тазы мен малды күзеткен төбеттің қазақ өмірінде алатын орны ерекше.

Жаңа мереке арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата-бабамыздан жеткен осы бір ерекше ит түрлерін сақтау мен көбейтуге қосымша серпін беріледі деп күтілуде.

Қазақстанда мұғалімдерді аттестация талаптарының жаңа пилоттық моделі енгізіледі.

Abai.kz

0 пікір