Сәрсенбі, 22 Сәуір 2026
250 0 пікір 22 Сәуір, 2026 сағат 17:00

«Сиверс алма ағашаның гүлденуі» фестивалі

Сурет: шара ұйымдастырушыларынан алынды.

2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысында көктемнің ең әсерлі табиғиоқиғаларының бірі «Сиверс алма ағашының гүлденуі» фестивалі өтеді. Бұл сирек кездесетін ерекше табиғи құбылысқа арналған маңызды шара.

Іс-шара «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркініңаумағында, Сарқан ауданы Тополевка ауылының көркем маңындаұйымдастырылады. Бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ: дәл осы жерде жершарындағы Сиверс жабайы алмасының ең ірі тоғайлары орналасқан. Ол жер бетіндегі барлық мәдени алма сорттарының арғы тегі. Ғалымдардыңбағалауынша, осы бірегей алманың әлемдік табиғи қорының шамамен 48%Жетісу өңірінде шоғырланған.

Жылына бір-ақ рет, көктемнің бірнеше аптасы ішінде тау беткейлерінәзік ақ және қызғылт гүлге оранып, алқаптарды нағыз көркем табиғикөрініске айналдырады. Осы кезеңде мыңдаған туристер, фотографтар мен саяхатшылар өңірге келіп, сирек табиғи құбылысты тамашалап, оныңтарихымен танысып, фестиваль атмосферасын сезінеді.

Фестиваль туризм саласының өкілдерін, экологтарды, ғалымдарды, БАҚ өкілдерін, тревел-блогерлерді, қолөнершілерді, мәдениетқайраткерлерін, сондай-ақ студенттер мен табиғат сүйер қауымды біріктіреді. Бұл шара экотуризмді дамытуға, табиғи мұраны сақтауға және өңірдіхалықаралық деңгейде танытуға арналған алаң болмақ.

Іс-шара Қазақстанның республикалық іс-шаралар күнтізбесінеенгізілген, бұл оның маңыздылығы мен туристік тартымдылығынайқындайды.

Биылғы фестиваль қонақтары үшін ерекше атмосфера ұсынылады. Хедлайнерлер Bayansulu және Қуандық Рахым сахнаға шығып, гүлдегентаулар аясында жарқын концерттік бағдарлама ұсынады.

Фестиваль бағдарламасы:

Сиверс алмасының гүлдеген бау-бақшаларының панорамалық көріністері;

Plein air форматындағы суретшілер байқауы;

Мәдени іс-шаралар;

Ұлттық спорт ойындары;

Қолөнер көрмелері және шеберлік сабақтары;

Концерттік және ойын-сауық бағдарламалар.

«Сиверс алмасының гүлденуі» фестивалі Қазақстанның ең әсемтабиғи құбылыстарының бірін тамашалап, таулар мен таза ауа аясындаөткізуге, ұлттық мәдениетпен жақынырақ танысуға және ұмытылмас әсералуға мүмкіндік береді.

Жетісу сіздерді табиғаттың аңызына шақырады!

Abai.kz

0 пікір