Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3799 0 пікір 28 Қазан, 2009 сағат 10:55

Үкімет астық экспортын ынталандыру үшін теміржол тарифін субсидиялауға 5 млрд теңге бағыттайды

Астана. 27 қазан. ҚазТАГ – Үкімет қазақстандық астықтың экспортын ынталандыру үшін теміржол тарифін субсидиялауға 5 млрд теңге бағыттайды. Қаржы үкіметтің резервіне бағытталады. Бұл сома сәрсенбі күні парламент мәжілісінің кеңейтілген отырысында мақұлданған 2009 жылғы республикалық бюджетке түзетулер жобасында көрсетілген.

«Бүгін бюджетті нақтылау бойынша үкіметтің резервіне 5 млрд теңге бөлу туралы шешімнің қабылданғаны астықты Қара және Балтық теңіздеріне тасымалдау тарифтерін арзандатуға байланысты. Арзандатудың бұл механизмін көлік және коммуникация министрлігі әзірлеп, ұсынатын болады. Осылайша, осы айлақтарға астықты тасымалдауға шығын азайтылып, тиісінше біздің ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер өз астығымен Қара және Балтық теңіздеріне шыға алады», - деді ауыл шаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев сәрсенбі күні журналистерге парламент ғимаратында.

Қазіргі уақытта теңіз айлақтарына дейін астық жеткізу құны айтарлықтай қымбат, деп түсіндірді министр. Нәтижесінде қазақстандық астықтың әлем нарықтарындағы бағасы бәсекеге қабілетті емес. Ал Қара және Балтық айлақтары биылғы маркетингтік жылда (2009 жылдың шілдесі – 2010 жылдың маусымы - ҚазТАГ) қазақстандық астық экспортының басты бағыттары болып қалып отыр, деп атап көрсетті ведомства басшысы.

«Бұл айлақтар арқылы біз Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік африка елдеріне шыға аламыз», - деп атап көрсетті А. Күрішбаев.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322