Жұма, 24 Сәуір 2026
Жаңалықтар 116 0 пікір 24 Сәуір, 2026 сағат 14:19

Жаңа санкциялар: Еуропа кімдерге санкция салды?

Сурет: iz.ru сайтынан алынды.

Еуропа тағы да Қазақстанға санкция салды: бұл жолы сауда компаниясы шектеуге ілікті...

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетіне қазақстандық компанияны қосты. Енді шектеулер сауда тасымалымен айналысатын бизнеске де әсер етті.

ЕО Кеңесі Ресей Федерациясына қарсы 20-шы санкциялар пакетін бекітті. Брюссельдің мәлімдеуінше, жаңа шаралар Ресейдің энергетика, әскери-өнеркәсіптік кешені, сауда, қаржы секторы мен криптовалюта салаларына бағытталған. Пакетке барлығы 120 жаңа санкциялық позиция енді, бұл — соңғы екі жылдағы ең ірі жиынтық.

Бұл тізімде Қазақстан нақты бір компания арқылы атап өтілген. ЕО Кеңесінің ресми хабарламасында Қытай, БӘӘ, Өзбекстан, Қазақстан және Беларусь елдерінен жиынтығы 16 ұйымның шектеуге іліккені айтылған. Брюссельдің нұсқасы бойынша, олар Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне қос мақсаттағы тауарларды немесе қару-жарақ жүйелерін жеткізген.

Reuters агенттігінің мәліметінше, сөз қазақстандық United Trading Group компаниясы мен немістің UrSeCo Handels компаниясының екі қызметкері туралы болып отыр. ЕО оларды Ресейге жартылай өткізгіш пластиналарын өндіруде қолданылатын хлорлы сутек жеткізді деп айыптайды.

Бұл қазақстандық құрылымдардың Еуропалық Одақ тарапынан шектеуге ұшыраған алғашқы жағдайы емес. Бұған дейін ЕО-ның 19-шы санкциялар пакетіне ресейлік ВТБ банкінің қазақстандық еншілес ұйымы енген болатын.

Abai.kz

0 пікір