Сенбі, 16 Мамыр 2026
Жаңалықтар 200 0 пікір 15 Мамыр, 2026 сағат 13:38

Қазақстанда тұңғыш рет қазақ тілінде «Трансформерлер: Жер миссиясы»

Суреттер: Видео скрині.

Мемлекет басшысының Жарлығымен жарияланған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында, Талдықорғанда Бикен Римова атындағы академиялық драма театрының сахнасында 16 мамыр күні  «Трансформерлер: Жер миссиясы» атты жаңа театрландырылған қойылым сахналанды. 

Бұл туынды кіші және орта жастағы балаларға арналған заманауи мәдени туынды.

Шығарма классикалық театр мен заманауи интерактивті шоудың синтезінен тұрады. Сюжет желісі бойынша, қатыгез күштер «Уақыт Кубын» пайдаланып, Жер планетасын жоюды көздейді. Алайда, оқиға ортасындағы Айдар, София, Әлия және Тимур есімді батыл балалар трансформерлермен иық тіресе отырып, әлемді құтқару миссиясына аттанады.

Б. Римова атындағы академиялық драма театрының директоры Ерлік Жуасбек: «2026 жылдың «Жасанды интеллект жылы» болып жариялануы бізге ерекше серпін берді. Айта кететін жайт, бұл – Қазақстан бойынша классикалық театр өнерін инновациялық интерактивті технологиялармен осындай деңгейде ұштастырған алғашқы бірегей жоба. Біз қойылым арқылы елімізде балалар драматургиясының мүлдем жаңа форматына жол аштық. Бұл болашақ ұрпақтың технологиялық прогресс пен адамгершілік құндылықтарды қатар меңгеруіне жасалған батыл қадам», – деп атап өтті театр директоры

Шығарманың ерекшеліктері мен жаңалығы:

  • Интерактивті формат: Көрермендер тек бақылаушы емес, оқиғаның белсенді қатысушысына айналады. Финалдық жеңіс тікелей көрермен залының қолдауы мен бірлігіне байланысты өрбиді.
  • Тәрбиелік мәні: Фантастикалық сюжет арқылы балалардың бойына достық, жауапкершілік, өзара көмек және батылдық сияқты маңызды құндылықтар егіледі.
  • Мультитілділік: Сценарий орыс және қазақ тілдерінде дайындалған, бұл оны Қазақстанның кез келген театрлық және мәдени ортасында пайдалануға мүмкіндік береді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2785
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1894