Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3436 0 пікір 30 Қазан, 2009 сағат 04:26

Сыра ішуден сегізінші орын!

Қызық-ей, Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік индикаторлары төмен құлдилап жатқанымен, «қайдағы бір» көрсеткіштер бойынша алдына қара салмай келе жатқаны да бар көрінеді. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, біздің ел спиртті ішімдіктерді тұтыну жағынан 8-ші орынды ешкімге бермей келеді. Масштаб, әрине әлемдік деңгейде алынып отыр. Алғашқы орында Қара құрлықтың сіңірі шыққан кедей-кепшігі жиналған Уганда тұр. Масқара болғанда, рейтинг бойынша «алқаштар елі» деген ассоциациямен жиі байланыстырылатын Ресей 22-ші орынды қанағат тұтыпты. Яғни, жас буынды «жынды судан» айыруда Кремль саясаты нәтижесін беріп келеді деген сөз. Тағы бір статистикаға сүйенсек, әр жан басына шаққанда Қазақстанда жылына 12 литр спиртті ішімдік сіміріледі. Соңғы 3 жылда спиртке үйір балалар саны 10 есеге ұлғайса, «тентек суға» тойынған жасөспірімдер саны 2 есеге артқан. Қазір еліміздің наркодиспансерлерінде 2 мыңнан астам жасөспірім алькоголизмнен емделіп жатыр. Ал, жалпы ел бойынша араққа салынып кеткен адамдардың диспансерлік тізімге тіркелгені - 304 мың. Тіркелмегені қаншама! Бастысы, осы жасөспірімдердің барлығы дерлік алқаштық карьерасын «жай ғана» сырадан бастаған. «Жай ғана» сырадан... Абай болайық! Халықтың азғындауын жылына жан басына шаққанда 8 литр «жынды су» ішуінен есептей бастайды. Ал, біздікі... 12 литр!

Ө.ДАРХАН «Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320