Дүйсенбі, 25 Мамыр 2026
Жаңалықтар 114 0 пікір 25 Мамыр, 2026 сағат 14:28

Қазақстанға Путин келе жатыр...

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«27-29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді. Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды», - делінген ақпаратта.

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді. 29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 3143
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2229