Дүйсенбі, 25 Мамыр 2026
Жаңалықтар 90 0 пікір 25 Мамыр, 2026 сағат 15:05

БҚО-да белгісіз дрондар шекара үстінен ұшып жүр

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

БҚО-да белгісіз дрондардың шекара үстінен ұшып жүргеніне екінші күн болды. Олар өткізу пункті мен шекара заставасының үстінен байқалған.

Батыс Қазақстан облысында шекара үстінен ондаған белгісіз дрон байқалды, деп хабарлайды «Уральская неделя».

Өңірлік редакцияның мәліметінше, «Сырым» шекаралық пунктінің үстінде дрондардың пайда болғаны тіркелген. Әуедегі техниканың жүргеніне бірнеше күн болғаны атап өтіледі.

Куәгерлердің айтуынша, 10-ға жуық ұшқышсыз ұшу аппараты Самара облысы тарапынан қозғалып келеді. Олар өткізу пункті мен шекара заставасының үстінен байқалған. Жергілікті тұрғындар мұндай жағдайлардың бірнеше күн қатарынан тіркеліп жатқанын алға тартады.

Ресми органдардың жауабы

Өз кезегінде Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бұзу жағдайлары тіркелмегенін, жағдай тиісті қызметтердің бақылауында екенін хабарлады. Ведомство азаматтардан сабырлық сақтауды және шынайы емес ақпаратты таратпауды сұрады.

Бірнеше күн бұрын БҚО-ның Ақжайық ауданында, елді мекен аумағынан тыс жерде ҰҰА (БПЛА) бөлшектеріне ұқсас заттар табылған болатын. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бұған дейін болған ұқсас жағдайлар

Бұл аймақта мұндай оқиға бірінші рет болып отырған жоқ:

  • 2025 жылғы 18 ақпан – Бөкей ордасы ауданының Ұялы ауылында алғашқы құлаған ҰҰА табылды (BES.media суреттегі объектінің ресейлік «Орлан-10» пилотсыз аппаратына ұқсастығын анықтаған);

  • 18 наурыз – Тасқала ауданының Атамекен ауылында ҰҰА табылды (суретке қарағанда, объект Ресей армиясында «Герань-1» деген атпен белгілі Shahed-131 аппаратына ұқсауы мүмкін – бұл РФ-да да шығарылатын және 2022 жылдың қазан айынан бастап Украинадағы соғыста белсенді қолданылып жүрген ирандық барраждаушы оқ-дәрі);

  • 24 наурыз сағат 21:15-те – БҚО Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің аумағында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының (ҰҰА) сынықтары табылғаны туралы хабарлама түскен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 3143
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2230