Сәрсенбі, 27 Мамыр 2026
299 0 пікір 26 Мамыр, 2026 сағат 20:07

Хронометражын тексеремін және заңға қайшы келмесе болды: Борейко көрермендер жіберген видеоларды тексермегенін мойындады

Сурет: tengrinews.kz сайтынан алынды.

Алматыда құрылыс компанияның журналист Вадим Борейкоға қарсы берген арызы бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысында жауапкердің әшкерелейтін материалдарды қалай дайындағаны белгілі болды.

Жеті бейнеролик және «жарамды» талон

Дау Алматының шағын аудандарының бірінде салынып жатқан «Premier» тұрғын үй кешенінің құрылысына байланысты туындаған. Вадим Борейко жеті материал жариялап, онда құрылысқа жауапты компанияның рұқсат құжаттары кері қайтарылғанын мәлімдеген. Атап айтқанда, блогер мемлекеттік сараптаманың күші жойылғанын және құрылыс жұмыстарын бастау туралы хабарлама талоны тізілімнен шығарылғанын айтқан.
Талапкер – «Etude-Ybyrai» ЖШС журналистің жалған жарияланымдары компанияға елеулі шығын келтіріп, құрылыс жұмыстарының уақытша тоқтауына және пәтер сатылымының күрт төмендеуіне себеп болды деп отыр.

“Түсірген мен емес, интернеттен келді”

Сот отырысы барысында журналисттің эфирге шығарған бейнематериалдары қаралды. Видеоларды көргеннен кейін жауапкер күтпеген мәлімдеме жасап, өзі нысанға іс жүзінде бармағанын және видеолардың мүлде тексерілмегенін мойындады.
«Жарияланған бейнероликтерді мен өзім түсірген жоқпын және олар қандай да бір верификациядан өткен емес. Бағдарламаларды дайындау барысында тұрғындар жіберген материалдарды пайдаландым», – деді журналист сотта.
Сот залындағы жауапкерден алынған жауаптардың үзіндісін келтіреміз:
– Сіз нысандарға барған кезде видеоға түсірмедіңіз бе?
Борейко: Жоқ, түсірген жоқпын, маған тұрғындар жіберіп отырды. Менде дәлел бар – тұрғындар жолдаған видеолар, онда күні көрсетілген. Ол жерде құрылыстың түн ортасына таяу уақытта жүріп жатқаны анық көрінеді әрі естіледі.
– Өзіңіз оқиға орнына бардыңыз ба?
Борейко: 6 қаңтар күні біз дрон арқылы айналаны түсірдік. Ал қалған видеолардың бәрін тұрғындар түсірген. Мен операторларыммен бірге ол жерге бір-ақ рет бардым.

Фактчекингтің ерекше әдісі

Көп жылдық тәжірибесі бар журналистің өзіне келіп түскен ақпараттың шынайылығын тексеру мәселесі сот процесіне қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Әсіресе, бизнесті заңсыз әрекет жасады деп айыптамас бұрын «қандай тексеріс жүргізілдігі» деген сұрақ мазалады.
«Мен ақпаратты былай тексеремін: ол менің роликтерге қоятын талаптарға сай келеді ме, жоқ па, яғни хронометражға сәйкес және заңға қайшы келмесе болды. Жалпы, бар болғаны осы», – деп жауапкер өзінің жұмыс тәсілін ашық сипаттады.
Келесі сот отырысы 28 мамырға белгіленді. Процесс барысында тараптар «Гиперборей» авторының көрермендер жіберген контентпен жұмыс істеу алгоритмдерін егжей-тегжейлі талқылайды деп күтілуде. Роликтердің хронометражынан бөлек, жауапкер материал дайындау кезінде тағы қандай өлшемдерді басшылыққа алғаны келесі тыңдауда белгілі болмақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 3190
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2283