Алматыда коммуналдық тұрғын үйді жекешелендіру туралы ереже қабылданды
Алматы. 29 қазан. ҚазТАГ – Алматыда коммуналдық тұрғын үйді жекешелендіру туралы ереже қабылданды, деп мәлім етті Алматы әкімі Ахметжан Есімов бейсенбі күні қала әкімдігінің кеңейтілген отырысында.
«Қазір коммуналдық тұрғын үйді сату (жекешелендіру) туралы ереже қабылданды. Бұл акциядан түсетін 3 млрд теңгеден астам қаржы жергілікті бюджетке маңызды қолдау болатын еді. Сондықтан бұл жобаны жүзеге асыруды жеделдету қажет», - деді өз сөзінде А. Есімов.
«Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік нарығындағы мәселелерді, соның ішінде «Тау Самал», «Үш тобе» тұрғын үй кешендерінің және «Сайран» мегауданының құрылысын БТА және Қазкоммерц банктер арқылы аяқтау үшін стрестік активтер қорынан 30 млрд теңге көлемінде қаржы бөлу туралы үкіметтің жақында қабылдаған шешімі де оң құбылыс болып отыр», - деп атап көрсетті әкім.