Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1023 0 пікір 2 Маусым, 2026 сағат 14:25

Жамбыл облысында әскери дрон құлады

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды.

Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады. Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ресми түрде растады.

Төтенше жағдай Талас ауданының аумағында, әскери мамандардың жоспарлы оқу-жаттығу ұшу жиынын өткізу барысында орын алған. Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.

«Оқиға салдарынан жарақат алғандар мен қираған нысандар тіркелген жоқ. Жергілікті тұрғындарға, елді мекендер мен инфрақұрылым нысандарына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Алдын ала болжам бойынша, апатқа техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін. Оқиғаның барлық мән-жайын егжей-тегжейлі анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына аттанды», – деп хабарлады министрліктен.

Қазіргі уақытта арнайы мамандар аппарат құлаған аумақты жіті тексеріп, техникалық апаттың нақты себеп-салдарын анықтау үстінде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1340
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2913
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 991
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 925