Сәрсенбі, 3 Маусым 2026
«Соқыр» Фемида 120 0 пікір 3 Маусым, 2026 сағат 16:03

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне реформа керек!

Сурет: википедия сайтынан алынды

БҰҰ Бас Ассамблеясы 3 маусымда Қауіпсіздік Кеңесінің кейбір тұрақты емес мүшелерін сайлайды. Германия да орын алу үшін барын салуда.

Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ-дағы ең беделді орган. БҰҰ Жарғысына сәйкес, Қауіпсіздік Кеңесі «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін негізгі жауапкершілікті көтереді». Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер үшін міндетті. Қауіпсіздік Кеңесі санкциялар енгізе алады, бейбітшілік күштерін орналастыра алады және күш қолдануға рұқсат бере алады.

Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесінің вето құқығы бар: Америка Құрама Штаттары, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Франция. Сонымен қатар, он тұрақты емес мүше бар, олардың бесеуі жыл сайын екі жылдық мерзімге сайланады. Қазіргі уақытта Германия осы орындардың біріне таласуда.

Германия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде алты мерзім қызмет етті, соңғысы 2019/20 жылдары болды. 2027/28 жылдардағы Қауіпсіздік Кеңесіндегі орынға үміткер ретінде Германия Австрия, Португалиямен бәсекеге түсіп отыр. Сайлаудың сәтті өтуі үшін 193 мүше мемлекеттің үштен екісінің дауысы қажет.

Германия АҚШ-тан кейінгі Біріккен Ұлттар Ұйымына ең көп ақша аударған ел болып табылады. Солай бола тұра Германияға бұл артықшылық ұпай әкелмеуі мүмкін. Себебі «нацис Германия 6 миллион еврейді қырды» деген тарихи факт алдын кес-кестей береді. Кей елдер Германия екі түрлі позиция ұстанады деп санайды.

Германия Сыртқы істер министрі Вальдфурт Нью-Йоркте Deutsche Welle агенттігіне берген сұхбатында «Біріккен Ұлттар Ұйымы қысымға ұшырап жатыр» деді, ол сонымен бірге «Менің ойымша, дипломатияның әлі де шешуші маңызы бар, өйткені ол әлсіздер күштілерді жеңе алатын жағдайдан аулақ бола алады» деп қосты. Мұнда ол Трамптың әрекетін меңзегені анық.

Ол сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қақтығыстарды шешуде үлкен рөл атқаратынынан үмітті.

Украина мен Ирандағы соғыста, басқа да көптеген қақтығыстарда БҰҰ өте пассивті болып көрінді. Оның себебі Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің соғысқа тікелей қатыстылығын да жатыр. Нақты айтсақ, Ресей Украинаға қарсы агрессиялық соғыс бастады, ал Америка Құрама Штаттары Иранды бомбалады. Олар білгенін істеп, соғысты тоқтату туралы қарарларға вето қойып, Қауіпсіздік Кеңесін іс жүзінде ойыншыққа айналдырды.

Германия Сыртқы істер министрі Вальдфол мұндай Қауіпсіздік Кеңесін реформалау қажет деп санайды, бұл пікірді БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш те қолдайды. Олар бүгінгі әлемдік жағдай мүлдем басқаша, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дәуірмен ұқсамайды деген уәж айтады.

Германия, Жапония, Бразилия және Үндістан ұзақ уақыт бойы Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты орын алуды талап етіп келеді және олар Африка елдеріне де екі орын берілуі керек деп санайды. Сонымен қатар, Африка, Азия және Латын Америкасы үшін де төрт-бес тұрақты емес орын құрылуы керектігін алға тартады.

Дегенмен, бұл талаптар әлі орындалған жоқ және болашақта да орындалуы екіталай сияқты, өйткені Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі өз артықшылықтарынан бас тартуға келісім бермесі анық.

Abai.kz

0 пікір