Германия Штаде қаласындағы қанды оқиға
Германияның Штаде қаласындағы атыс салдарынан қаза тапқандар саны алты адамға жетті. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, шабуылды түрік текті 45 жастағы Германия азаматы жасаған.
Неміс БАҚ-тарының хабарлауынша, қаза болғандардың барлығы бала күтімі орталығында жұмыс істеген.
Құқық қорғау органдары қылмыс, ең алдымен, жеке араздық негізінде жасалған деп есептейді. Тергеу оқиғадан саяси астар немесе ұйымдасқан қылмыспен байланыс белгілерін анықтаған жоқ.
Тергеу амалдары жалғасуда. Полиция оқиғаның барлық мән-жайы мен шабуылдаушының нақты мотивтерін анықтап жатыр.
Гамбургке жақын орналасқан Германияның Штаде қаласында жастарды қолдау және жас аналарға баспана беретін мекемеде кеше атыс болды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға орнында екі адам ұсталды, оның бірі - шабуыл жасады деген күдікті.
Полиция қазіргі уақытта тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрмағанын және жағдай толық бақылауда екенін мәлімдеді.
Abai.kz