Бейсенбі, 11 Маусым 2026
133 0 пікір 10 Маусым, 2026 сағат 21:18

Қазақстан өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда: жаңа зауыттар, энергетика және өңірлерге тартылған инвестициялар

Сурет: ult.kz сайтынан алынды

Қазақстан экономиканы әртараптандыру және сапалы инвестициялартарту бағытын дәйекті түрде жүзеге асырып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетекшілігімен еліміздеөңдеуші өнеркәсіп, жасыл энергетика, фармацевтика және заманауиинфрақұрылым қарқынды дамуда.

2026 жылы еліміздің бірнеше өңірінде ірі өнеркәсіптік жобалар іскеқосылды немесе мақұлданды. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және елдің технологиялық дамуына серпінбереді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және агротехнологиялар

Павлодар облысында құны 2 млрд теңге болатын майлы дақылдардыөңдеу зауыты іске қосылды. Кәсіпорын жылына 60 мың тоннаға дейін шикізатөңдеп, 35 мың тоннаға дейін тазартылмаған күнбағыс майын өндіре алады. Өнімішкі нарыққа да, экспортқа да жеткізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында қытайлық XIYU AGRICULTURAL PTE. LTD компаниясы тағы бір ірі май өңдеу зауытын салуда. Жобаға 53 млрд теңгеинвестиция салынады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 1,4 мыңтоннаны құрайды. Зауытты 2028 жылы іске қосу жоспарланған, нәтижесінде 150 жаңа жұмыс орны ашылады.

Түркістан облысында жылына 500 данаға дейін агродрон өндіретінкәсіпорын жұмысын бастады. Ұшқышсыз аппараттар ауыл шаруашылығыалқаптарын өңдеуге арналған және бір ұшуда 5 гектарға дейін жерді бүркейалады. Болашақта өрт сөндіруге және жүк тасымалдауға арналған дрондаршығару көзделіп отыр.

Фармацевтика және биотехнологиялар

Үкімет Қарағанды облысында құны 42,5 млрд теңге болатынфармацевтикалық кешенді салу және жаңғырту жобасын мақұлдады. Кәсіпорында онкологиялық, аутоиммундық және орфандық ауруларды емдеугеарналған дәрілерді қоса алғанда, 74 атаудағы препараттар, сондай-ақ белсендіфармацевтикалық субстанциялар мен иммунобиологиялық өнімдер өндіріледі. Жоба аясында шамамен 70 жұмыс орны құрылады.

Алматы облысындағы Алатау арнайы экономикалық аймағы аумағындақұны 32,5 млрд теңге болатын толық циклді биофармацевтикалық кешен салу жоспарланған. Жобаны іске қосу 2031 жылға белгіленген. Зауыт онкологиялықжәне орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды қоса алғанда, 20 атаудағы препарат пен иммунобиологиялық өнімдер шығарады.

Энергетика және жасыл технологиялар

Қазақстандық Baskan Irrigation компаниясы Жетісу облысында қуаты 30 МВт болатын Покатилов су электр станциясын салуды жоспарлап отыр. Нысанды пайдалануға беру 2028 жылға жоспарланған. Жоба аясында көлемі 80 млн текше метрге дейінгі су қоймасы салынып, шамамен 32 мың гектар ауылшаруашылығы жерін суаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жыл сайыншамамен 30 мың МВт·сағат электр энергиясы өндіріледі.

Түркістан облысында құны 307 млн АҚШ долларын құрайтын күн электрстанциясының құрылысы басталды. Жобаны қытайлық China Energy Overseas Investment Co. Ltd. компаниясы Qazaq Green Power PLC және Самұрық-Энерго қолдауымен жүзеге асыруда. Станция 2027 жылы іске қосылғаннан кейінжылына шамамен 674 млн кВт·сағат электр энергиясын өндіретін болады.

Металлургия және тау-кен өндірісі

Ең ауқымды жобалардың бірі – Павлодар облысында сингапурлық XINFA компаниясы жүзеге асыратын алюминий кластері. Инвестиция көлемі – 15 млрд АҚШ доллары. Жоба аясында бокситтерді терең өңдеу арқылы жыл сайын 4,8 млн тонна глинозем, 2,4 млн тонна электролиттік алюминий және 1,2 млн тонна терең өңделген өнім шығару жоспарланған. Құрылыс 2026 жылы басталып, алғашқы кезеңі 2028 жылы іске қосылады. Жоба шамамен 10 мың жұмыс орнынқұрады.

Қытайлық Sinolnvest Group Ltd. Қарағанды облысындағы темір кені кен орнын игеруге кіріседі. Жобаның қуаты жылына 100 мың тонна кен өндіругемүмкіндік береді. Пайдалану мерзімі 2027–2034 жылдарға жоспарланған.

Ақтөбе қаласында құны 100 млн АҚШ долларын құрайтын Еуразиялықинтеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі зауытының құрылысы басталды. Жобақытайлық Beijing Jinvi Yuanfang Group және қазақстандық Phoenix Industrial Group компанияларының қатысуымен іске асырылуда. Зауыт мыс сынықтарынан жылына 25 мың тоннаға дейін тазартылған мыс өндіреді. Кәсіпорынды іске қосу 2027 жылға жоспарланған. Өнім ішкі нарыққа жәнеЕуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық Одақ елдеріне экспортталады.

Туризм және инфрақұрылым

Almaty SuperSki тау шаңғысы курортын іске асыруға Франция, Канада және АҚШ компаниялары тартылды. Француз тарапы 11 аспалы жол салады, канадалық компаниялар инженерлік жобалаумен айналысады, ал америкалықкомпаниялар құрылысты басқару мен үйлестіру жұмыстарын жүргізеді. Курортты іске қосу 2028 жылға жоспарланған.

Баку кеме жасау зауыты базасында Қазмортрансфлот және Abu DhabiPorts бірлескен жобасы аясында Каспий теңізінде жұмыс істейтін алғашқыконтейнерлік кеменің құрылысы басталды. 2027 жылдың соңына дейінсыйымдылығы 780 TEU болатын екі кеме салу жоспарлануда.

Жобалардың ел экономикасына әсері

Аталған жобаларды іске асыру Қазақстанға:

мыңдаған жаңа жұмыс орындарын құруға;
қосылған құны жоғары өңдеуші өндірістерді дамытуға;
экспорттық әлеуетті арттыруға;
жасыл энергетика мен фармацевтика салаларын дамытуға;
өңірлерге ірі шетелдік инвестициялар тартуға және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған жобалардың барлығы Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру және экономиканыауқымды жаңғырту жөніндегі дәйекті саясатының нақты нәтижесі болыптабылады.

Президент экономиканы әртараптандыру, өңдеуші өнеркәсіпті дамытужәне сапалы шетелдік инвестициялар тарту міндеттерін қойған болатын. Бүгінде бұл саясат нақты нәтижесін беруде: өңірлерде заманауи кәсіпорындарашылып, мыңдаған жұмыс орындары құрылуда, экспорттық әлеует артып, елдіңөнеркәсіптік дербестігі нығаюда.

Металлургия, фармацевтика, жасыл энергетика және ауыл шаруашылығысалаларындағы ірі жобалар Қазақстанның Президент айқындаған бағытбойынша жоғары технологиялық, әртараптандырылған және бәсекеге қабілеттіэкономика құру жолында нық қадам жасап келе жатқанын көрсетеді.

Abai.kz

0 пікір