Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5531 0 пікір 30 Қазан, 2009 сағат 06:44

ІІМ министрі жыл басынан бері полицейлердің қатысуымен 18 есірткі қылмысы жасалғанын мәлімдеді

Астана. 30 қазан. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Ішкі істер министрлігі (ІІМ) жыл басынан бері полицейлердің қатысы болған 18 есірткінің заңсыз айналымын тіркеген. Бұл туралы ведомство басшысы Серік Баймағамбетов мәлім етті.

«Есірткінің заңсыз айналымына полицейлердің де қатысы бар екені құпия емес. 2007 жылы осындай 39 қылмыс тіркелді, былтыр – 19, биыл – 18 оқиға тіркелді. Полицейлер негізінен есірткінің екінші айналымына араласқан», - деді ол «Нұр Отан» партиясының жемқорлықпен күрес бойынша қоғамдық кеңесінің жұма күні өткен он бірінші отырысында.

Ішкі істер министрі есірткі бизнесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес полицейлердің қатаң назарында екенін, үкімет қабылдаған 3 жылдық бағдарламаға сәйкес 39 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Ол бұл қаражаттың негізгі бөлігі елдің оңтүстік шекарасындағы Ауғанстаннан және Орта Азияның басқа аймақтарынан келетін есірткі ағымын бақылауға бағытталатынын жеткізді.

С. Баймағамбетов ІІМ-нің бастамасымен полицейлердің есірткі бизнесіне септігін тигізетін шарттар заңды түрде алынып тасталғанын еске салды.

«Енді біз сотқа дейін алынған есірткі заттарын бірнеше ай бойы сақтамаймыз. Оларды жойып, тек үлгілерін ғана зерттеуге қалдырамыз. Жаңа тәртіп біздің сақтау қоймаларымыздағы есірткінің мөлшерін үш есеге дейін азайтып, есірткінің екінші айналымға түсуін едәуір шектеді», - деп нақтылады ол.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963