Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5381 0 пікір 30 Қазан, 2009 сағат 07:21

Мәсімов: «Ресеймен ортақ ақпарат кеңістікте өмір сүріп жатырмыз. Бұл өте жақсы...»

«Қазақстандық БАҚ ресей оқырманы мен көрермені үшін күресуі керек». Үкіметбасы Мәсімовтың мұртын сипап отырып жасаған мәлімдемесі бұл. Дәлірегі, бұл мәлімдеме «Электронды үкімет - 2009» бастамасы» атты халықаралық конференция барысында жасалды.

Осы айдың аяғында, істің сәтін салса, Қазақстан мен Ресей бір Кеден одағында өмір сүретін болады,  деді ол. Одан әрмен Ортақ экономикалық кеңістік дегендей, бірақ қазірдің өзінде біздің біртұтас ақпараттық кеңістікте екендігіміз де-факто, яки шыңдық. «Егер әлеуметтанушылардың сауалнамаларын саралайтын болсақ, халықтың 55 пайызы қазақстандық емес, Ресейдің ақпараттық кеңістігінде өмір кешуде», - деп тағы қосып қойды премьеріміз.

«Бұл өте жақсы» - Мәсімов осы сөзді ерекше ықыласпен айтты. Яғни, қисынға салсақ, қазақстандықтардың орыс медиакеңістігіне ентелей кіруі, қазіргі статус-квосы Кәрім Қажымқанұлының қолайынан шығып тұрған сияқты. Сөйте тұра ол қазақстандық ақпарат кеңістігінің бәсекеге қабілетті болуы керектігін, ТВ болсын, жаһантор болсын, БАҚ-тың барлық түрінде қолды көтере салмай, оқырман, көрермен үшін күресу керектігін ескертті.

Күресе отырып орыс оқырманын жаулап алудың қажеттігін де жасырмады. Әйтеуір, еліміздің бас блоггері бір сөзінде «Жаһантор мен БАҚты бір-бірінен бөле қарайтын кезең өтіп кетті, енді олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды» деп жылы сөйлеп кетті.

Кез-келген спичтің құрамдас бөлігі ұсыныс тудыру болса, Мәсімов бұны да аттап өтпеді. Қазақстандық БАҚ-тарға қатысты Жалпыресейлік мемлекеттік телерадиокомпаниялардың тәжірибесін қолдану үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне тиісті ұсыныстар жасауды тапсырды.

Ө.ДАРХАН, «Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1966