Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1334 0 пікір 16 Маусым, 2026 сағат 14:39

Маңғыстауда Джеки Чанның фильмі түсіріліп жатыр

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінен алынды.

«Құдай сауыты 4: Ультиматум» (Доспехи бога 4: Ультиматум) фильмінің алғашқы кадрлары Маңғыстаудың табиғи ландшафтында түсіріліп үлгерді. Туынды 2027 жылдың қысында прокатқа шығады деп күтілуде.

Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, фильмнің негізгі локацияларының бірі Бозжыра шатқалы болды. 35 адамнан тұратын түсірілім тобы бұл жерде 7-12 маусым аралығында жұмыс істеді. Түсірілім жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, ал фильм үлкен экрандарға 2027 жылдың ақпанында жол тартады.

Билік өкілдері бұл жобаны тек отандық киноиндустрия үшін ғана емес, сонымен бірге елді халықаралық туризм аренасында танытуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға септігін тигізетін маңызды оқиға деп есептейді.

Бұған дейін біз Қаскелеңде жаңа фильмнің сахналары түсірілетін арнайы павильонның құрылысы басталғаны туралы жазған болатынбыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1590
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3206
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1191
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1102