Украина Ресейге ауқымды дрон шабуылын жасады
Ресейге жыл басынан бергі ең ірі дрон шабуылы жасалғаны хабарланды, - деп жазады Азаттық радиосы.
26 маусымға қараған түні әуе қорғаныс жүйесі 660 украин дронын ұстап құлатты деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі жұма күні.
Өз есебіне сүйенген ТАСС агенттігі түнгі шабуылды "бір жыл ішіндегі ең ірі шабуыл" деп атады.
Ресей әскерінің хабарлауынша, Белгород, Брянск, Курск, Орлов, Калуга, Липецк, Ростов, Воронеж, Тула, Рязань, Астрахань облыстары, Мәскеу облысы мен аннексияланған Қырым, Қара теңіз бен Азов теңізі аумағында дрондар құлатылған.
Тула облысында губернатордың сөзінше, 157 дрон атып түсірілген, Новомосковскідегі өнеркәсіп бүлінген. Қалада “Азот” химзауыты орналасқан. Билік оған шабуылды әзірге растамады.
Украин дрондарының шабуылы көктемде және жаздың басында үдеген. Мұнай өңдеу зауыттарына соққы жиілеген тұста Ресей аймақтарында отын тапшылығы сезіледі.
Abai.kz