Сәрсенбі, 15 Шілде 2026
Жаңалықтар 345 0 пікір 14 Шілде, 2026 сағат 16:00

Алматы: 294 мың оқушы жазғы демалыспен қамтылды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінен алынды.

Биыл жазда Алматыдағы түрлі демалыс түрлерімен 294 мыңға жуық оқушы қамтылды. Бұл 1-10-сыныптарда оқитын оқушылардың 98,7%-ы. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының өкілдері хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда жазғы демалыс науқанымен қамтылған оқушылар саны 4,3%-ға артқан.

Әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы балаларға ерекше көңіл бөлінді. Жазғы демалыспен 3 537 бала қамтылды. Олардың қатарында жетім балалар, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар және тәуекел тобындағы жасөспірімдер бар.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында балалар лагерлерінде төрт ведомствоаралық тексеру жүргізілді. Әр лагерьге полиция қызметкерлері бекітілген. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар немесе буллинг фактілері туындаған жағдайда жедел байланыс жасау үшін демалыс орындарына QR-код орналастырылған.

Abai.kz

0 пікір