Аргентина тағы да Англияның жолын кесті...
Аргентина бейсенбіге қараған түні 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында басында бір гол жіберіп алса да Англияны 2-1 есебімен жеңіп, финалға шықты. Лионель Месси екі нәтижелі пас шығарып командасының финалға шығуына жол ашып берді. Алдағы сенбіде Франция Англиямен кездеседі. Жексенбіде Аргентина финалда Испаниямен кубокка таласады.
Түндегі ойында бірінші тайм қарқынды және физикалық тұрғыдан қиын болды, ойын ережесі қайта-қайта бұзылып көптеген үзілістер болды.
Екінші таймның 55-ші минутында Энтони Гордон Аргентина қақпасына гол салып , Гарри Кейннің командасын 1-0 есебімен алға шығарды. Содан кейін Англия командасы матчтың қалған бөлігінде қорғаныс стратегиясын ұстанды.
Дегенмен, Аргентина ойынның соңына қарай қарсы шабуылға шықты. 85-ші минутта Мессидің пасынан Энцо Фернандес гол соғып, есепті 1-1-ге теңестірді.
Қосымша уақытта, 92-ші минутта Месси тағы да дәл пас берді, ал Лаутаро Мартинес допты баспен Англия қақпасына бағыттап, Аргентинаны 2-1 есебімен алға оздырды.
Аргентина осы жексенбіде Нью-Йорктегі MetLife стадионында әлем чемпионатының титулы үшін Испаниямен кездеседі.
Ал Англия сенбі күні Майамиде үшінші орын үшін өтетін матчта Франциямен ойнайды.
Abai.kz