Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1100 0 пікір 24 Шілде, 2026 сағат 17:19

Тоқаев пен Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Сонымен қатар Шавкат Мирзиёевтің парасатты басшылығының арқасында Өзбекстан әлеуметтік-экономикалық даму мен халықаралық беделін арттыруда мол табысқа қол жеткізіп, кешенді реформалар арқылы сенімді түрде ілгерілеп келе жатқанына назар аударды.

Мемлекет басшысы Өзбекстан көшбасшысының екі ел арасындағы достық және тату көршілік рухындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Тараптар бүгінде қазақ-өзбек ынтымақтастығы қарқынды екенін атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты тереңдету перспективасын талқылады.

Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібінде өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін қарастырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1242
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2767
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 894
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 840