Бейсенбі, 30 Шілде 2026
46 - сөз 332 0 пікір 28 Шілде, 2026 сағат 14:34

Румыния Ресей елшісін елден қумақ...

Сурет: tenor.com сайтынан алынды.

Румыния дүйсенбі күні өз аумағына ресейлік дрондардың бірнеше рет баса -көктеп кіруіне «қатқыл жауап» ретінде Ресей елшісін елден қуып шығаратынын мәлімдеді.

Өткен демалыс күндері Румыния үш ресейлік дронды атып түсірді,  дүйсенбіде жағдай тағы қайталанды . Румыния Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде жазылуынша олар Румыниядағы Ресей елшісі Владимир Липаевқа оның қарсы алынбайтын адамдар қара тізіміне енгенін жеткізіп, оған бес күн ішінде елден шығып кетуді бұйырған.

Румыния тарапы сонымен қатар Липаевқа Ресей Украинаға шабуыл жасауға пайдаланатын «Шахед» дронының сынықтарын көрсеткен. Оны  румыниялық F-16 жойғыш ұшағы атып түсірген болатын.

Ресей Сыртқы істер министрлігі баспасөз хабарламасында өздеріңне айтылған айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарып, оны «тағы бір үгіт-насихат амалы» деп сипаттады. Мәлімдемеде сондай-ақ «бұл дрондардың Ресейден келгеніне ешқандай дәлел жоқ» деп атап өтіп, Румынияның Украинаға қолдау білдіруін «қабылданбайтын әрі төзуге болмайтын әрекет» деп сынға алынды.

Ресей Сыртқы істер министрлігі тағы да «Ресей дипломаттарының негізсіз қуылуы жауапсыз қалмайтынын» ескертті.

Ресей 2022 жылы Украинаға басып кіргелі бері Румыния дрондардың шабуыла жиі ұшырап келеді, олардың кейбірі елдің әуе кеңістігінде жарылып кетті. Осы жылдың мамыр айында дрон көпқабатты үйге құлап, екі адам жарақат алды. НАТО мен ЕО ол үшін Ресейді айыптап, екінші қайталамауды ескертті.

2025 жылы Румыния парламенті елдің әуе кеңістігін бұзған дрондарды атып түсіруге рұқсат беретін заң қабылдады.

Abai.kz

0 пікір