Дүйсенбі, 29 Маусым 2026
Араша 134 0 пікір 29 Маусым, 2026 сағат 14:10

Қауіпсіздік және ұлттық мүдде

Сурет ЖИ арқылы жасалған

Соңғы жылдары әлемдегі геосаяси тұрақсыздық, соғыс ошақтары, экономикалық қиындықтар мен саяси өзгерістер көптеген елдерге көші-қон жағдайын қайта қарауға мәжбүр етті. Қазақстан да бұл үдерістерден тыс қалған жоқ. Әсіресе, Ресейдегі соңғы жылдардағы саяси және әлеуметтік өзгерістерден кейін Қазақстанға уақытша немесе тұрақты қоныс аударушылар саны артты.

Бірақ, олардың кім екеніне, қандай көзқарас ұстанатынына, заңға құрметіне және қоғамға ықпалына жауапкершілікпен қарау керек. Өйткені тарих көрсеткендей, бақылаусыз көші-қон кей жағдайда әлеуметтік шиеленістерге, мәдени қайшылықтарға және саяси тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін.

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Оның ең басты құндылықтары – жерінің тұтастығы, ұлттық қауіпсіздігі, мемлекеттік тілі, тарихи санасы мен қоғамдық келісімі. Сондықтан көші-қон саясаты ең алдымен осы мүдделерге негізделуі тиіс.

Тарихта этникалық немесе саяси үстемдік идеяларын таратып, басқа халықтардың құқығын мойындамаған қозғалыстардың қандай зардап әкелгені белгілі. ХХ ғасырда Еуропадағы нацистік идеологияның таралуы миллиондаған адамның өмірін қиған үлкен апатқа алып келді. Сол сияқты түрлі елдердегі шовинистік көзқарастар қоғамдағы тұрақтылықты бұзған жағдайлар да кездескен.

Мысалы, 2014 жылы Украинадағы Қырым оқиғасы посткеңестік кеңістіктегі қауіпсіздік проблемаларына жаңа көзқараспен қарауға себеп болды. Сол кезеңде Ресей тарапынан «орыстілді халықтарды қорғау» деген ұрандар саяси құрал ретінде қолданылды. Бұл жағдай көрші мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздік пен ақпараттық қауіпсіздік жағдайына ерекше назар аударуына себеп болды.

Қазақстан үшін бұл оқиғалар нақты бір сабақ береді. Ел аумағында қандай да бір шетелдік радикалды немесе агрессиялық саяси идеялардың таралуына жол бермеу – кез келген мемлекеттің қалыпты құқығы.

Қазақстан тарихында сырттан келген әртүрлі саяси ықпалдардың қоғамға әсер еткен кезеңдері болды. Кеңес дәуірінде жүргізілген көші-қон саясаты Қазақстанның демографиялық құрылымына үлкен өзгерістер енгізді. Тың игеру жылдарында республикаға жүздеген мың адам келді. Бұл экономикалық тұрғыдан нақты бір нәтижелер бергенімен, ұлттық тіл, мәдениет және демографиялық тепе-теңдік жағдайын да туындатты.

1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан үшін басты міндет – мемлекеттік негіздерді нығайту болды. Осы жерде ұлттық бірегейлік пен азаматтық келісімді қатар сақтау маңызды еді.

Бүгінгі күндері, көші-қон жағдайына аса сақ болу қажет. Ең алдыменРесейден келіп жатқан келімсектерді қауіп ретінде қабылдау керек. Екіншісі – ешқандай бақылаусыз қабылдауға болмайды. Осы ұлттық қауіпсіздікке кері әсер етуі ықтимал. Олар, шовинизммен, нацистік идеологиямен қаруланған адамдар.

Кез келген өркениетті мемлекет шекарасын, көші-қон тәртібін және ішкі тұрақтылығын қорғайды. Мысалы, Еуропаның көптеген елдері соңғы жылдары заңсыз көші-қонға бақылауды күшейтті. АҚШ та миграциялық саясатта ұлттық қауіпсіздік факторына ерекше мән береді. Бұл – әлемдік тәжірибе.

Қазақстанға да жүйелі саясат қажет. Біріншіден, елге келген азаматтардың құқықтық мәртебесі анық әрі ашық болуы керек. Екіншіден, экстремистік, радикалды немесе басқа мемлекеттің агрессиялық идеологиясын насихаттайтын тұлғаларға қатысты заң талаптары қатаң орындалуы тиіс. Сонымен қатар, ақпараттық кеңістіктегі сыртқы идеологиялық ықпалдарға қарсы ұлттық иммунитет қалыптастыру қажет.

Ең басты қару – білімді, саналы қоғам. Өз тарихын білетін, мемлекеттік тілін құрметтейтін, ұлттық мүддені түсінетін азамат сырттан келген кез келген теріс идеологияға қарсы тұра алады.

Қазақстан ешкімнің жауы емес, бірақ өзінің болашағына жауапты мемлекет. Елге келген әрбір адам Қазақстан заңын, мәдениетін және мемлекеттілігін құрметтеуі тиіс. Дегенмен, Ресейден келіп жатқандардың, қазақ халқын, Қазақстанды құрмет тұтып жатқанын әлі күнге көрген жоқпыз. Ал, Қазақстан өз кезегінде адам құқығын сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздігін қорғауға міндетті.

Тәуелсіздік – тек шекарамен өлшенбейді. Ол қоғамдық санада, ұлттық құндылықтарда және мемлекеттің өз тағдырын өзі шешу қабілетінде көрінеді. Сондықтан көші-қон проблемасы эмоциямен демесекте, ақылмен, заңмен және ұлттық мүдде тұрғысынан шешілуі керек.

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

0 пікір