Тентектеріңді тезге салыңдар, қырғыздар!
«Ұлылық» синдромы
Әртүрлі елдер бар...
Бірі - империялық синдроммен ауырады, бірі - ұлыдержавалық астамшылық вирусын жұқтырған...
Кезінде Ленин де жазған: «Аз халықтардың ұлтшылдығы ұлылыққа ұштасады», - деп...
Сірә, ол дұрыс жазған сияқты.
Бүгінде «империялық синдром» деген ауру қайта шықты...
Тәуелсіздіктен кейін пайда болған «өз тарихын қайта қарау» кезінде - біздің көрші халықтардың кейбір тарихшыларына «Ұлылық синдромы» деген вирус жұғып, олар осыған бой алдыра бастағаны көрінуде...
(Негізі, бұл ҰЛЫЛЫҚ ЖЕТІСПЕГЕН жағдайда орын алады)...
Бұл «синдромнан» келте ойлайтын қырғыз ғалымдары да тысқары қалмады.
Әрине, қырғыз тарихы үнемі қазақ тарихымен жалғасып жататыны себепті, олар өздерінің «Ұлы тарихын» Қазақ тарихы есебінен іске асыруға кірісті...
Басқа жолы жоқ қой...
Сөйтіп, қырғыздың бұл «тарихшылары» қазақтың ең «жанды жері» - Кенесары ханның оқиғасын таңдап алды...
Осыдан басталған дабыра, енді, жалғаса келе - қазақ рәміздерін қорлауға, оның құнын төмендетуге дейін жалғасыпты...
(Біздің туды атқа жабу ретінде қолданған суреттері әлеуметтік желіде жүр)
Иә, одан Қазақстанның халықаралық беделі түсе қалады демейміз...
Одан біздің енді шынайы қалыптаса бастаған, Алтын Ордаға ұштасқан Ұлы тарихымыз зардап шегеді дей алмаймыз...
Біз, қырғыздардың бұл әрекетін, тіптен, маса шаққан құрлы көрмейміз, оған да татымайды дей саламыз...
Түгіміз қисаймайды...
Бірақ, қырғызға былай айтуға тиістіміз:
- Тентектеріңді тезге салыңдар;
- Қаншама «Ұлы болам» десеңдер, оған еш шатағымыз жоқ.
Бірақ оны қазақ тарихы есебінен жасаймыз дегендерің - сендерді «ұлылыққа» апармайды - кері эффектіге тап болсыңдар!
Тарих үшін таласта «мен мықтымын» дейтін «Ұлылық синдромын» жұқтыру оңай, ал одан арылу енді қиын бола береді...
Бұл - Ұлтты ақыр соңында кері кетуге алып келетін құбылысқа айналады...
Сондықтан, қырғыз ұлтшылдарына «ентіктеріңді басыңдар» деген дұрыс сияқты...
Сіздер, егер «өз мәртебеңізді көтеру үшін өзгені қорлау қажет» деп тапсаңыздар, онда «НЫСАНАНЫ» дұрыс таңдай алмадыңыздар...
Тұтас қазақтың ойы осы!
Әбдірашит Бәкірұлы
Abai.kz