Сенбі, 8 Тамыз 2026
Жаңалықтар 1307 0 пікір 5 Тамыз, 2026 сағат 20:52

Хакім Абайды «керек қылмаған» Асхат Ниязовтың өзі кім, ісі қандай?

Сурет: Әлеуметтік желі скрині.

Кеңестік дәуір есімізге түседі осындай да, «директорларды бопсалайтын» журналист әкелеріміз болушы еді.

Журналист дегенде «шататтан тыс тілші» деген куәлігі бар. Қазіргі блогерсымақтардың кейбірі соған ұқсайды. Өйткені, олардың жымысқы әрекеттері түрлі деңгейдегі әкімдерден сұхбат алам деп есік тозыруды әдетке айналдырып, әкім шықпаса, сала құлаш бейнеш (видео) түсіріп, әлеуметтік желіге таратып, арзан бедел жинайды. Бірақ олар әкімдердің есеп беруі барын, жұрт қабылдауын өткізетінін және о қабылдауға өз қарауындағы жұрттың талап-тілегіне қатысты рұқсат жасайтынын біле де бермейді десек сөзіміз асылық болар еді. Шын мәнісінде білгісі де келмейді. Сондай «ашық күні найзағай ойнатын» болгердің бірі – Асхат Ниязов.

Осы жолы Асекеңнің қарауылына оңтүстік Астаның әкімі ілігіпті және әр келгенін кімге жолыққанын «қылдай тізіп, айы-күнін көрсетіп» таспаға түсіріп отырыпты. Бірақ «мақтаған қыз тойда жел шығарадының» керін келтіріп, әкімшілік қызметкері ұсынған Хакім Абайдың кітабын көзге ілмек түгілі, қолына ұстаудан бас тартқан Ниязовтың бұл тірлігі көпке ұнаған жоқ. Бұл анық!

Осымен екінші мәрте Хакім Абайдың кітабынан бас тартып отырған Асхат Ниязовқа қоғам наразылығы арта түскендей. Әлеуметтік желі қолданушылары: «Әкімшілік қызметкері ұсынған Хакім Абайдың кітабына қатысты істеген тірлігі осы бір сұрқай тұлғаның кім екенін танытқандай болды. Арзан хайып үшін бетін арын сатқан жанның шынайы бейнесін қазақ елі біліп, қылығы үшін жерге қарады десек те болады. Абайды тәрк еткен жанды әкімдер енді «есігі түгіл, тесігінен» қаратпауы керек-ақ!?», - дейді.

Abai.kz

0 пікір