Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2623 0 пікір 21 Мамыр, 2009 сағат 11:19

ҚР мен РФ демократизация мен нарықтық реформалардың арқасында ЕО-ның жаңа мүшелерімен салыстырғанда, әлеуметтік-экономикалық дамудың жақсы көрсеткіштеріне ие – ТМД ПАА кеңесінің бас хатшысы (толықтырумен)

Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. ТМД Парламентаралық ассамблеясы (ПАА) кеңесінің бас хатшысы Михаил Кротов Еуропалық Одақтың жаңа мүшелерімен салыстырғанда, Ресей мен Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамудың жақсы көрсеткіштеріне ие деп есептейді.

«Табысты демократизация мен нарықтық реформалардың, Еуразиялық интеграцияның арқасында Ресей мен Қазақстан Еуропалық одақтың жаңа мүшелерімен салыстырғанда, әлеуметтік-экономикалық дамудың айтарлықтай жақсы көрсеткіштеріне ие. Бұл тұрғыда Ресей мен Қазақстан азаматтары болгарлар мен румындардан гөрі көбірек еуропалық», - деді ол бейсенбі күні «Қазіргі замандағы Қазақстан және «Еуропаға жол» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның «Еуропаға жолы» Еуроодаққа кіруді көздемейтінін, сол уақытта жалпыеуропалық саяси институттарға, бірінші кезекте, 2010 жылдан бастап төрағалық ететін ЕҚЫҰ-ға белсенді қатысуды білдіреді.

«Қазақстанның, Ресейдің және ТМД елдерінің еуропалық жолдарындағы ең негізгісі – Достастықтың жағдайларына бейімделген жалпыеуропалық құндылықтарды қабылдап, дамыту. Біздің пікірімізше, қоғамдық сананы жаулап алған ЕО-ны немесе өзегі Ресей мен Қазақстан болып табылатын ТМД-ны таңдау керек деген көзқарас дұрыс емес», - деп атап көрсетті ол.

Оның айтуынша, ТМД елдері үшін Еуроодақпен тығыз ынтымақтастыққа қысқа жол олардың еуразиялық байланыстарын, ҚР мен РФ-мен байланыстарын нығайту арқылы жатыр.

«Жаһандық дағдарыс жағдайында қазір Ресей мен Қазақстан ТМД-ның басқа елдеріне жеңілдетілген ұзақ мерзімді несиелер беріп, соның ішінде ЕАДБ және Еуразиялық қор арқылы қаржылай көмек көрсетіп жатыр», - деп толықтырды М. Кротов.

Оның пікірінше, Еуроодақ «табиғи ресурстарға кедей елдердің бірлестігі болып табылады, сондықтан ол барлық алдыңғы қатарлы бірлестіктермен, соның ішінде НАФТА, АСЕАН және ТМД-мен теріс сауда сальдосына ие».

М.Кротов ЕО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оның қаржылық және технологиялық әлеуетін Ресей мен Қазақстанның бай табиғи ресурстарымен біріктіру керек деп есептейді. «Осылайша, Еуроодаққа кірмей-ақ, біздің екі ел «үлкен Норвегияға», яғни, ЕО-ның артықшылықты, ерекше әріптесіне айналады. Ресеймен және Қазақстанмен ТМД шеңберінде терең интеграцияны жақтайтындар да Еуроодақпен ерекше байланыстардың артықшылығын пайдалана алады», - деп қорытындылады ТМД ПАА кеңесінің бас хатшысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543