Ресейдің шынайы келбеті: ингуштардың көзқарасы
Жақында Ресейдің «Коммерсант-Власть» журналы (2 қараша 2009 жыл) ингуш халқының көрнекті қоғам қайраткері, жазушысы Исса Кодзоевпен болған сұхбатын жарыққа шығарды. Осы сұхбатты толығымен оқырман нзарына ұсынғанды жөн көріп отырмыз. Біздің пайымдауымызша, Исса Кодзоев мырза өз сұхбатында бүгінгі Ресейдің қай бағытта дамып бара жатқанын айқын көрсетіп отырған сияқты.
Өмірдерек:
Жақында Ресейдің «Коммерсант-Власть» журналы (2 қараша 2009 жыл) ингуш халқының көрнекті қоғам қайраткері, жазушысы Исса Кодзоевпен болған сұхбатын жарыққа шығарды. Осы сұхбатты толығымен оқырман нзарына ұсынғанды жөн көріп отырмыз. Біздің пайымдауымызша, Исса Кодзоев мырза өз сұхбатында бүгінгі Ресейдің қай бағытта дамып бара жатқанын айқын көрсетіп отырған сияқты.
Өмірдерек:
Исса Кодзоев - ингуш халқының ең танымал және көрнекті жазушыларының бірі. Алты жасында Исса отбасымен Қазақстанға жер аударылған. Сталин дүниеден өткеннен кейін еліне қайтып, 1957 Грозный пединститутының филология факультетіне оқуға түседі. Студент кезінде унгіш халқының 1944 жылы бір түннің ішінде жаппай жер аударылғаны жайлы куәгерлердің естеліктеріне сүйене жазған «Қазақстан күнделігі» атты кітабын жаза бастайды. Осы кітабы үшін Кодзоев 1963 жылы тұтқынға алынып, антикеңестік насихат жүргізді деген айыппен төрт жылға сотталып, Мордовиядағы лагерьге айдалады. Түрмеден шыққан бойдан Исса еліне оралып, өзінің жазушылық және қоғамдық қызметін жалғастырады. 1980-ші жылдардың басында Исса Коздоев «Нийсхо» (Әділеттілік) қозғалысын құрып, кезінде осетиндердің иелігіне өтіп кеткен Пригородный ауданын Ингу республикасына қайтару үшін күреседі. Осындай жанкешті тіршілігі үшін Коздоев талай рет қуғындалып, ресми билік тарапынан керемет қысым көрген. Бұл текетірес айналып келіп 2003 жылы оның үлкен ұлы Зелимханның тұтқындалуымен тынады. Жазықсыз Зелимханды орыс соты «құқық қорғау органдарына қарсы шабуылды ұйымдастырды» деп айыптап, жиырма алты жылға бас бостандығынан айырады. 2005 жылдың көктемінде Иссаның екінші ұлы Изнаурды арнайы операция кезінде Ресей әскерлері атып кетеді. Араға бірер жыл салып Ресейдің НАТО-дағы елшісі Дмитрий Рогозиннің тапсырысымен ресейлік прокуратура Коздоевтың шығармашылығы үшін қудалаға салады...
Сонымен сұхбатқа назар аударыңыздар...
- Мен ресей журналистерімен сөйлескім келмеген еді. Олармен сөйлесудің өзі маған қиянға тиеді. Біздерде «орыс» деген сөздің өзі боқтық сөзге айналып барады. Күн сайын Ингушетияда адамдарды өлтіріп жатыр. Бұрын ингуш әйлдері исламның тиым салғанына қарамастан адамдарды жерлеген кезде жылайтын еді. Қазіргі кездері ингуш әйелдері жыламайтын болды. Себебі олардың барлығы да ерте ме кеш пе туғандарының біреуін жерлейтінін жақсы түсінеді.
- Сонда Ингушетияда осындай ахуал неліктен пайда болды деп ойлайсыз?
- Барлық мәселе Ресейдегі биліктің барлығы арнайы қызметтердің қолында шоғырланғанына байланысты болып жатыр. Сіздерде азаматтық билік деген атымен жоқ. Погондылар барлығын билеп төстейді. Оларға соғыс қана керек. Басқа елдермен соғыс емес, өздерінің бейбіт тұрғындарымен соғысу керек. Орыс әскерилері кемпір-шалдармен ғана соғысуды біледі, сол үшін өздеріне жаңа атақ, лауазым, дачалар мен көлік алғанды ұнатады. Бұл соғысты мемлекет басшылары қолдап отыр. Біздің жастарымызды олар қасақана орманға қарай ығыстырып жатыр. Ал ойлап қарайтын болсақ осының алдында ғана ингуштар Ресейдің ең адал азаматтары болатын.
- Бұл соғысты кім жүргізіп жатыр?
- Арнайы қызметтер. Олар азғындап барады. Хайуанданып барады. Талтүсте келіп базарға барып, базардағы жұрттың көзінше адамды атып кете береді. Орыстар менің үйіме түн ішінде талай рет басып келіп, есік-тереземді, жихаздарымды қиратып кеткені бар. Себебі мен бүгінгі билікті сынап жатырмын. Бір жолы мен оларға айттым: «Заңдық негіз бар ма? Ордер бар ма?» деп. Олардың біреуі өз автоматын менің кеудеме тіреп: «Ей есуас шал, сен не, әлі түсінбедің бе? Саған орыстар келді ғой!» - деп жауап қайтарды. Мен оған айттым: «Ештеңе етпес. Күндердің күнінде біздер де сендерге барамыз» - деп.
Орыстар өздерінің осындай тірлігін тоқтатпайынша Кавказда ешқашан бейбіт өмір орнамайды. Сіздің елде осыны түсінетін адам қалмағанға ұқсайды. Сіздің оппозициясымақтарыңыздың да құны бір тиын. Менің досым Анна Политковскаяны атып кеткен кезде мен Мәскеуде болатынмын. Отыздай адам жиналды да, «Біз жол бермейміз!» - деп маңырады да қойды. Неге жол бермейсіңдер? Кімге? Сіздерде бір үлкен той-томалақ, шоу болғанда миллиондар жиналады. Ал еліңіздің ең мықты, батыл азаматтарын өлтіріп жатқанда қарасы отыз шақты адам ғана қаралы жиында төбе көрсетеді. Олардың үні де естілмейді. Күлкілі! Сонда Аннаның құны осы ғана ма? Келесі күні Мәскеудің ортасында кем дегенде миллион адам жиналып, қасарысып тұрып алуы керек емес пе еді?
- Сіздің үйіңізге соңғы рет қашан баса көктеп кірді?
- Жеке маған келетін болсақ, осы жылы менің үйіме ешкім келген жоқ. Менің үйімнің есігінің қаңқайып, сынып жатқанына бір жыл толды. Мен Каратышево ауылында тұрамын. Бұрын біздегі арнайы операциялар күн сайын өткізілетін. Біздің үйде аналар сексен рет болған шығар, сірә. Қашан қарасаң танкілер, зеңбіректер. Ал үйімде тек мен, қызым және екінші сыныпта оқитын немере қызым тұрады. Осы үшеумізге қарсы орасан зор күш!
- Тоқсаныншы жылдардың басында сіз біріншілердің бірі болып чешендерге ермейік, Ресейдің қатарынан шықпайық деп үгіттеген едіңіз. Соған байланысты өкініш жоқ па?
- Ол кездегі Ингушетия қанша дегенмен Ресей демократия жолымен келе жатыр ғой деп сеніп қалды. Алайда орыстар бізге тез арада кімнің-кім екенін көрсетіп берді. Танкілерді қаптатты. Жайбарақат жатқан ингіш ауылдарына қарсы Ресей өзінің бар әскери күші мен кахарын төкті.
- Сіз осетин-ингуш қақтығысын айтып отырсыз ба?
- Ия. Ол кезде осетиндер ешқандай рөл атқарған жоқ болатын. Соғысу керек деген шешімді қабылдаған Ресей еді.
- Қалай ойлайсыз, Ресей тектен тек сіздермен соғысып жатыр ма? Оның бір қисыны бар ма?
Оны Кремльден сұрау керек шығар. Осетия дегеніміз сендердің тас қамалдарың ғой. Біреулер айтады - барлығы біздің мұсылман болғанымызға байланысты деп. Енді біреулер - мәселенің барлығы кезіндегі депортацияға қатысты деп. Кеңес заманы кезінде өз жерінен қуылып, жер айдалған барлық халықтардың басында осындай бір қақтығыс бар. Себебі кезінде бізді қуғындаған кгбшниктердің барлығы бүгін билікте отыр. Одан басқа да тереңде жатқан мәселелер де жоқ емес. Ресейің кавказдық халықтарға деген теріс көзқарасы, жек көруі патша кезінен жалғасып келеді. Ингуштар орыс билігіне жағу үшін аяқ астындағы шүберектей болып иілді. Бірақ бұл заман келмеске кетті. Бүгін әрбір отбасының ішінде Ресейге деген кек бар! Бізде ең болмағанда бір адамын жоғалтпаған отбасы қалмады. Бұл қан ғой, түсінесіздер ме, ол төгіліп жатыр.
- Бірақ сіз кезінде Ресейден айрылып қалмайық деп үгіттеп жатқан кезде барлығы да басқаша болды емес пе? Ингушетияның проблемалары жақында ғана басталды ғой.
- Ия. Ол кезде біз ойлайтын едік: орыстар жұмсақ халық, олардың қатарында жүре берсек біздер өзімізді өзіміз сақтай аламыз деп. Ал 2002 жылы келді де Зязиков дегенді қонжитты. Сол кезден бастап Ингушетияны соғысқа даярлай бастады. Аушев орыс генералы болса да, өз халқына қарсы жұмыс істемеді. Ал Зязиков болса, білгендеріңді істеңдер деп отыра берді.
- Аушевті неге алып тастады? Масхадовпен қарым-қатынасы болғаны үшін бе?
- Қайдағы! Оның себебі мүлдем басқа. Естуімше, ол Кавказдағы жағдай бойынша Путинмен қатты сөзге келіпті. Ол кезде Путин премьер болды ма, ФСБ-ны басқарды ма, есімде қалмапты. Путин оған «козел» депті. Аушев ойланбастан оның жағынан тартып жіберіпті. Дұрыс істеген. Бұндай сөзді өзін еркекпін деген бірде-бір ингуш кешіре алмайды. Міне сол жұдырық үшін бүгін біздерді өлтіріп жатыр. Орыс үшін ингішты өлтіру түк емес. Ол үшін оған награда береді. Бүгін соғыс Ингушетияда жүріп жатыр. Бұл ешқандай да терроризмге қарсы акция емес, күнделікті көшелерде адамдары қырылып жатқан соғыстың өзі. Ол аз болғандай ішімізден іріткі салып, еліміздің ішінде азаматтық соғысты бастап, бірімізді-бірімізге айдап салды. Басқаша айтқанда, билік құрған «өлім эскадрондары» жергілікті халықпен шайқасып жатса, екінші жағынан ингіш жастары жергілікті арнайы қызметтер мен әскерилерге қарсы соғысып жатыр.
- Сонда бұны тоқтатуға, түзеуге болмай ма?
- Бұл соғысты бір айда тоқтатуға болады. Бұл үшін Ресей әскерін шығарып, «өлім эскадрондарына» тиым салуы керек. Ал жастарымызды біз өзіміз тоқтатамыз. Бұның барлығын Мәскеуде жақсы біледі, түсінеді, алайда бұндай қадамға ешқашан бамайды.
- Неге?
- Себебі сіздерде ешқашан да ақылды, парасатты билік болмайды. Парасатты билік халқын ойлайды, оны қалай киіндірем, тамақтандырам дейді. Сендердің биліктерің тек қана халқын тонап, оны соғысқа салуды ғана ойлайды.
- Кезінде Евкуровтың тағайындалуы халықты біраз тынышталдырып еді. Бүгін оған да сенім жоқ сияқты...
- Сенім дейсіз бе... Ол ингуштардың ұлттық мүддесін қорғап отырған жоқ. Ол өзі де мойындап отыр: мен Мәскеулің айтқанымен ғана жүремін деп. Ол айналып келгенде тарихи жерлерімізді осетиндерге беру туралы құжаттарға қолын қойды. Мәңгіге! Бәлкім, ол бұндай қадамға бейбітшілік орнатам деп барған да шығар. Оның бір ғана артықшылығы бар - сыбайлас жемқорлықпен күрес. Бірақ Ресейде тұрып сыбайлас жемқорлықпен күресу дегенге сенбаймін. Күлкілі. Мен оған айттым: «Мына сыбайлас жемқорлық сені бәтіңкеңмен бірге жұтады» деп. Дегенмен ол жемқорлыққа қарсы белсенді күресіп жатыр, белгілі бір тәртіп орнатқысы келеді. Құдай қолдасын деймін. Алайда мен Евкуровтың қолынан бідеңе келеді деп ойламаймын. - Неге?
- Ингуштар сабасынан шығып кетті. Оған оңай соқпайды.
- Чешенстанда кезінде тауда жүргендер Қадыровты мойындап, федералды билікпен достасып жатыр. Ингушетияда осындай жағдайдың болуы мүмкін бе?
- Чешендердің өз ерекшеліктері бар. Бізде бір де бір соғысып жүрген жігіт милицияға өткен жоқ. Ешқашан өтпейді де. Ингуш үшін қолына қару алу - орасан зор бір проблема. Біз керемет үйқұмармыз, бала-шағамызды, ата-анамызды, туған-тусықандарды жақсы көреміз. Ал азаматтарымыз қолына қару ала қалса, онда өз отбасыңмен мәңгілікке қоштасатыныңды түсінесің. Егер соғыс жолына түссе, онда қасық қаны қалғаша шайқасады деген сөз.
- Сонда арты не болады?
- Соғыс болады. Ол біресе өшіп, біресе қайта жанады. Чешенстандағыдай сұрапыл соғыс бола қоймас, себебі Кремль өзінің Батыс алдындағы имиджі үшін қорқады. Ал терроризмге қарсы операциялар сияқты ертегілер әлі ұзақ жылдар бойы жалғасады.
- Сіздің бір ұлыңыз осындай арнайы операция кезінде қаза болған еді.
- Менің ұлымды орманға айдап шығарды. Ол барғысы жоқ-тын. Оның сұлу келіншегі, алты баласы бар болатын. Ол қаза болғанда, оның үлкен қызы бірінші сыныпқа барған болатын. Ол өте дарынды жігіт болатын, суретші еді, үйлердің дизайнымен айналысты. Сол балам өзі кішкентайынан діндар еді, мешітке барып, жұма намазға жығылып жүрді. Сол күні, неге екені белгісіз, ұлым жұма намазға кешікті. Естуімше ол бір ингіштың үйінде жұмыс жасап жатқан. Далаға шыға қалса, тақия киген бір топ жас жігіттерге кезігеді. Олардың үлкені небары он екіде екен! Олар оған айтыпты: біздер де жұма намазға бара жатырмыз, бірақ мешітке емес, соның қасындағы бір үйге деп. Ол жұма намаздан қалып қалмайын деп оларға ілесе кетеді. Мен артынан одан сұрадым: сол жердегі имам не деді, нендей үгіт айтты деп. Балам айтты: аса бір жаңалық айтпады, жастар темекіге құмар болмауы керек дегендей әңгіме болған деп. Сондағы барлық уахабы мен экстремизмі осы екен! Балам жастармен үйден шығып жатқан кезде үйді әскрерлер қоршап алып, ішіндегілерге сендер кілең уахабшыларсыңдар, экстремиссіңдер деп айып тағыпты. Оларды тұтқындап, милицияға апарады. Ол жерде балам Изнаур мен ешқандай уахабшы емеспін де дәлелдей бастапты. Сол кезде бір милиция қызметкері оның бетінен салып кеп жіберіпті. Ал білсеңіздер ингушты бетінен ұруға болмайды. Ондай нәрсе жауапсыз қалмайды. Әсіресе беттен ұрса. Ондай үшін ингіш жиырма жылдан кейін болса да кек алады. Кешке ұлым келген кезде мен одан сұрадым: «Мынау не?» деп. Ол: «Мені бетімнен аналар ұрды» - деді. - «Олардың қайда тұратынын білесің бе?» - «Ия, білем», - деді. Мен оған «Балам! Біздің ата-бабаларымыз мұндайды бетіне ешқашан тақпаған. Иесіне қайтару керек» деп айтарымды айттым. Біз көлікке мініп, әлгі милицияның үйіне аттандық. Барсақ, ананың өзі жоқ екен, ағасы шықты. Біз оған «Көрдің бе, мынаны сенің бауырың жасады. Біз тек қайтарып жатырмыз» деп, сазайын тартқыздық. Қарасақ айналадағы барлық ағайын-туғандары атойлап шыға келіпті. Біз оларға: «Біз тек өзімізге істегенді қайтардық. Егер қазір бізге шапсаңыздар, онда амалсыз қан төгіледі» - деп ашығын айттық. Аналар өзара сөйлесіп, мойындап, үйлеріне тарап кетті. Арада он шақты күн өтті. Менің милицияда істейтін баяғы шәкіртім келіп, «Иса Аюбұлы! Сіздің балаңызды біреулер қауіпті қылмыскер, террорист деп қағаз алып келіпті. Балаңызға барып, оған Ингушетиядан кете тұрсын деп айтыңышы», - деді. Балам менен бөлек тұратын, бірден жетіп бардым. Айттым: «Изнаур! Мына жерден кеткенің дұрыс. Бала-шағаңды бірдеңе қылып асырармын, нансыз қалмас. Сен Грузияға немесе Украинаға барып паналай тұр» деп. Ұлым: «Әке, менің не кінәм бар?» деп қасарысып отырып алды. Сосын оның өзі жоқта үйіне милициялар басып кіріп, барлығын ойрандап кетеді. Артынан маған да келіп, менің үйімді де талқандады. Артынан қарасам, балам қолына автомат алып көшеде келе жатыр екен. Мен оған: «Балам, істің насырға шапқаны ма?» десем, ол: «Ия» деп жауап қатты. Ондай болса, дедім, Изнаур, соңына дейін бар, тірідей берілме. Олар сені қолға түсірсе қинайды, сан-алуан қағазға қол қойдырады, қорлайды дедім. Сол кезде мен оны тірілердің қатарынан өшіріп тастадым.
- Сонда сіздерше билікке берілмеудің себебі не?
- Олардың адамдарды қалай қинап, қалай қорлайтындарын білесіз бе? Тірі адамның артына ерш деген нәрсені тығады. Бұнысы жеңілдері ғана. Жігіттерді зорлаймыз деп қорқытады. Ол жаңағыдан да қорқынышты. Бұл Кавказ ғой! Одан да өлген артық. Бүгінгі күні қолына қару алған әрбір ингуш, мен білсем, тірідей қолға берілмейді. Сондықтан да сіздер ешқашан тірі тұтқындарды көрмейсіздер. Олардың әрқайсысының жүрегінің жанында граната жүреді. Оны кез-келген уақытта жаруға дайын. Міне, біздің жастарымызды осындай қылған Кремль.
- Ал ұлыңыз қалай қаза болды?
- Ол жатқан үйді танкілер, әскерилер қоршап алды. Ол берілмеді. Оны өлтірді.
- Екінші ұлыңыз ұзақ жылға бас бостандығынан айрылды. Не үшін?
- Оны әскерлердің бекетіне шабуыл жасады деп айыптады. Ал істің мәнісін білгіңіз келе ме? Осетиндер Чермен көпірінің үстінде төрт ингуш милициясын атып кеткен-ді. Бұны барлығы да жақсы біледі. Алайда ешқандай тергеу болмады, істі жауып тастады. Алайда біздің милиция бастықтары осы істі аяқсыз қалдыруға болмайды, адамдарды атқандарды соттау керек деп, әлгі көпірдегі бекетке барады. Менің ұлым таксиші болатын, оларды жаңағы көпірге дейін жеткізген. Сол жерге жеткен кезде милицялар, күте тұр, біз қазір шығамыз деп ішке кіріп кетіпті. Ал біраздан кейін бекет ішінде атыс басталыпты. Балам, әрине, жаңағы жерден тайып тұрған. Ақыры оны тауып, бандитизм, қылмыскерлерге көмек және тағы да он алты бап бойынша соттап жиырма төрт жылға соттап тынды. Ол қазір отыз төртте. Кезінде мен жүріп келген Мордовия түрмелерінде отыр.
- Сіз Ресейден кетіп қалғыңыз келмей ме?
- Мен туған жерімде өлгім келеді. Ешқайда да бармаймын. Мен ештеңеден қорықпаймын. Басымнан өтеді дегеннің барлығы өтіп болды.
Ольга Алленова.
Аудармасы «Абай-ақпарат»