Қазақстанда Orda.kz басылымы жабылды
Казахстандық Orda.kz ақпараттық басылымы 1 қыркүйектен бастап өз жұмысын тоқтатады.
Бұл туралы редакция өзінің Telegram-арнасында хабарлады. Ақпараттық ресурстың өзі де, онымен байланысты әлеуметтік желілердегі парақшалар, соның ішінде YouTube-арнасы да жабылады.
Редакция бұл шешімге қаржылық қиындықтар себеп болғанын түсіндірді: басылым тапқан кіріс оны әрі қарай ұстап тұруға жеткіліксіз.
«Қабылданған шешімнің ешқандай астары жоқ: редакция тапқан қаражат оны қамтамасыз етуге жетпейді. Осы жағдайға алып келген басқа ешқандай себеп жоқ», — делінген редакцияның мәлімдемесінде.
Abai.kz