Қазақстанда 23 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады
Қазақстанда күзде 23 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады.
Қорғаныс министрлігі желтоқсанның соңына дейін 18 бен 27 жас аралығындағы 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке жіберілетінін хабарлады. Оның 12 мыңнан астамы Қарулы күштер сапын толықтырса, 7 мыңға жуығы Ұлттық ұланға, 3 мыңы ҰҚК Шекара қызметіне, 400-ге жуығы ТЖМ-ге және 300-ге жуығы Мемлекеттік күзет қызметіне бөлінеді.
Сарбаздарға әскерде жүрген кезеңде несиелік каникул (төлемді кейінге қалдыру) беріледі, сондай-ақ олар ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына грантқа түсе алады. Бұдан бөлек, әскери борышын өтеушілер жүргізуші, байланыс маманы, парамедик және экскаваторшы сияқты сұранысқа ие кәсіптерді тегін меңгере алады.
Abai.kz