Зеленский: Ресей аспанын жабық деп жариялаймыз!
Зеленскийдің шұғыл мәлімдемесі:
- Украина Ресей аспанын блоктау операциясын бастайды. Енді Ресейдің әуе кеңістігі жолаушылар таситын ұшақтар ұшуға емес, біздің дрондарымыз ұшуға арналған аспан болады. Дрондардың арасында азаматтық авиацияға орын жоқ. Бұл аспан енді қауіпсіз емес!
Біз ескертеміз. Ешқандай азаматтық авиация ұшақтарын мақсатты соққыламаймыз. Бірақ, біздің дрондарымыз тоқтаусыз ұшады. Осы жағдаймен санасыңыздар. Ресей билігі өтірікке басып, жағдайды жасырып қалу үшін әдейі үндемей, ешкімге ескертпейтіні түсінікті. Бірақ, де-факто біз Ресей аспанын жабық деп жариялаймыз. Соғысты бастаған елдің аспаны енді жабық деп есептеңіздер.
Біз бейкүнә адамдардың жазықсыз зардап шеккенін қаламаймыз. Сондықтан, әуе компанияларына арнайы ескерту жасап, үндеу жариялап отырмыз. Киевтегі, Мәскеудегі елшіліктегі қызметкерлер біздің үндеуімізді естісін. Қамсыз қалмасын. Енді Ресей аспаны қауіпсіз аспан емес!, - деді.
Abai.kz