Жексенбі, 4 Қазан 2026
Жаңалықтар 3752 0 пікір 4 Қыркүйек, 2026 сағат 14:44

Тыңшы ісі: Қазақстан Өзбекстанға ресми хабарлады

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Қазақстан Өзбекстанға профессор Икболжон Карабоевтың ісі туралы ресми түрде хабарлады.

«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары жария етуге жатпайды. ҚР заңнамасына сәйкес өзбек тарапы дипломатиялық арналар арқылы ресми түрде хабарландырылды», — деп жауап берді Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті КазТАГ редакциясының сауалына.

Бұған дейін BBC Астанадағы Мақсұт Нәрікбаев атындағы Университетте халықаралық қатынастардан сабақ берген өзбек профессоры Икболжон Карабоевтың Қазақстанда шпионаж жасады деген айыппен ұсталғанын хабарлаған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 593
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 844