Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Айқай 203 0 пікір 4 Қыркүйек, 2026 сағат 21:43

Ауғанстандағы тұңғыш «Қазақ құрылтайы» неге Елшісіз өтті?

Суреттер: Қ.Оразұлынан алынды.

Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласында 3 тамыз күні тұңғыш рет «Ауғанстан қазақтарының құрылтайы» өтті.

Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталының тұрақты авторы, қандастар мәселесі бойынша маман Қыдырәлі Оразұлы хабарлады.

Бұл құрылтай «Ауғанстан-Қазақ мәдени орталығы» ұйымының басшысы Асадулла Оймауыт ағамыздың басшылығымен ұйымдастырылған.

«Құрылтайға Ауғанстанның әр аймағында тұратын қандастарымыз келіп, бір-бірімен танысып, ұмытылып бара жатқан қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетін тамашалап, қуаныштан көздеріне жас алысты», - дейді Қыдырәлі Оразұлы.

Әлеуметтік желіге тараған ақпаратқа сүйенсек, Мазари-Шарифтегі «Қазақ құрылтайына» Ауғанстан астанасы Кабул қаласынан Ауғанстан Мәдениет министрінің орынбасары арнайы келіп сөз сөйлеген.

«Ауғанстанның Мәдениет вице-министрі қазақ диаспорасының дайындаған қазақтың қол-өнері мен мәдениетіне тәнті болып, жасаған жұмыстарына жағары баға берді. Одан бөлек Мазари-Шариф қаласының әкімінің орынбасары да құрылтайға қатысып, қазақ диаспорасына қолдау көрсетті», - дейді Қыдырәлі Оразұлы.

Алайда, Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі – Ақбасов Ғазиз Исағалымұлы мен бас Консул Есенбаев Ахан Асқарұлы бұл құрылтайға келетінін хабарлап, бір күн қалғанда келмей қалған екен.

Құрылтайды ұйымдастырушылардың айтуынша, 10 күн бұрын ұйым атынан және қала әкімдігінің мөрі басылған шақыру Елшіге арнайы табысталған. Елші аталған шараға қатысатынын айтып, бір күн қалғанда хабарласып, келмейтінін айтқан.

Тұздық: Ашық дереккөздердегі ақпараттарға жүгінсек, қазір Ауғанстанда шамамен 3,3 мыңға жуық этникалық қазақ өмір сұруде. Ал бейресми деректерде, олардың саны 3 мың жанұяға дейін жететіні айтылады. ҚР Сыртқы істер министрлігі өз есебінде, Ауғанстан аумағында 15 жанұя немесе 200-ге жуық этникалық қазақ тіркелгенін алға тартады. Ал этникалық қазақтардың дені Мазари-Шариф, Құндыз, Кабул мен Бағланда тұрады.

Алдағы уақытта Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігі аталған жағдайға қатысаты ресми түсіндірме береді деп күтеміз.

АУҒАН ҚАЗАҚТАРЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНАН ФОТОБАЯН:

Сурет: Қ.Оразұлынан алынды.

Сурет: Қ.Оразұлынан алынды.

Сурет: Қ.Оразұлынан алынды.

Сурет: Қ.Оразұлынан алынды.

Сурет: Қ.Оразұлынан алынды.

Сурет: Қ.Оразұлынан алынды.

Сурет: Қ.Оразұлынан алынды.

Сурет: Қ.Оразұлынан алынды.

Сурет: Қ.Оразұлынан алынды.

Сурет: Қ.Оразұлынан алынды.

Сурет: Қ.Оразұлынан алынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 843
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2221
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 560
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 541