Дүйсенбі, 12 Қазан 2026
1467 0 пікір 5 Қыркүйек, 2026 сағат 21:41

Энрике Иглесиас концерті алдында Тазабек көрермендерді тазалық сақтауға шақырды

(Сурет:Шара ұйымдастырушыларынан алынды)

Алматыда өтетін Энрике Иглесиастың концертіне санаулы уақыт қалды. Орталық стадион маңына әншінің жанкүйерлері жиналып, суретке түсіп, достарымен кездесіп, көптен күткен шоуға дайындалуда.

Осы уақытта аумақтың тазалығын ерекше экологиялық көмекші – Тазабек маскоты қадағалап жүр. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ол концерт қонақтарын тазалық сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыруда.

Тазабек қолындағы плакат арқылы көрермендерге қоқысты өзімен бірге алып кетудің және айналаны таза ұстаудың маңызын еске салады. Сондай-ақ пластикалық бөтелкелерді арнайы жинау және қайта өңдеу орындарына тапсыруға болатынын көрсетіп жүр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 959
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1293