Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Билік 131 0 пікір 8 Қыркүйек, 2026 сағат 14:52

Саясаттан экономикаға: Жолдауда не айтылмақ?

Сурет: А.Олжаев / ЖИ арқылы жасалды.

Жолдау не туралы болуы мүмкін немесе болжам системасын тестілеу

Мемлекет басшысының 2025 жылғы соңғы дәстүрлі жолдауы дәл бүгінгі 8 қыркүйек күні жарияланған еді. Соған қарап және Үкіметтің бір жылғы жұмыс нәтижесі қорытыла бастағанын, жаңа министрлердің тезірек ант беріп іске кіріскенін көріп, жаңа Жолдаудың бір апта көлемінде жарыққа шығатынын аңғару қиын емес.

Былтырғы Жолдау жасанды интеллекттің елдегі барлық салаларға дендеп енуі мен саяси трансформацияға ден қойғаны есімізде. Саяси трансформацияны Қазақстан бір жылдың ішінде 100 пайыз атқарып шықты. Парламенттің орнына Құрылтай жұмысқа кірісті. Вице-президент институты толыққанды енгізілді. Жасанды интеллект бойынша барлық даму картинасы анық сызылды және ол бойынша алғашқы нәтижелер бар. Бірақ біз үшін бастысы дата-орталықтардың толық салынып, жұмыс істей бастағанын күту керек. Сонда отандық ЖИ-дің нақты суверенді қуаты пайда болады. Яғни есептеу токендерін өзіміз өндірмекпіз.

Биыл ше? Біз саяси модернизацияны сәтті аяқтадық. Сондықтан биылғы басым бағыт экономика мен логистика болатын сияқты. Осы жерде болжам системасын тестілеп көруге болады. Мысалы, Мемлекет басшысы Жолдауының болашақ қаңқасын оның соңғы бірнеше айдағы сөздерін, Үкіметке берген тапсырмаларын, Құрылтайда, Алатауда, мұғалімдермен кездесуде және экономикалық жиындарда айтқан ойларын жинау арқылы құратын болжау системасын қолдансақ, онда биылғы тезис «саяси реформаның үлкен циклы аяқталды, енді мемлекет экономикалық нәтиже көрсетуі керек» дегенге саюы тиіс. Бір аптадан кейін осындай болжам системасының дұрыс/бұрыстығын нақты айта аламын. Сәл күтейік.

Соңғы уақытта Қасым-Жомарт Кемелұлының сөздерінде «нәтиже» деген ұғым ерекше жиі айтылып жүр. Демек, әдемі есеп, ұзын презентация, игерілген миллиардтар емес, нақты нәтиже. Былтыр Президент KPI системасын өзгертіп, басшылардың нәтижесі халықтың әл-ауқатымен есептелуі қажет деген. Демек осы Жолдауда экономикалық өсімнің халықтың табысымен өлшенуі нақты бір параметрмен байланатын сияқты.

Одан бөлек, «жаңа инвестициялық цикл» тіркесін көріп қалуымыз ғажап емес. Үкіметтің қайта өңдеу саласындағы ауқымды жоспары осы циклдің аясында құрылған. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда өндірістік нысандар құрылысының үлкен легін бастау бойыша тапсырмалар айтылатыны даусыз. Ұлттық қор қаржысы бойынша тезис осы блокта кеңінен ашылады деп болжаймын.

Жолдау міндетті түрде адам капиталын үздіксіз дамытуға тағы да акцент қоятын болады. Және осы тұста перспективті, болашақтың мамандықтарын дайындау, жастарды жаңа бағытқа бұру Алатау қаласымен байланыстырылатын сияқты. Яғни, Алатау біздің болашақ технократтық элитамыз оқитын, жаңа жобалары мен тәжірибелерін жасайтын оқу мен сынақ алаңы ретінде шегеленетінін ішіміз сезеді. Не болса да, алдағы Жолдау еліміздің даму бағытына нақты жол сілтеп, азаматтардың барлығын бір мақсатқа біріктіретін маңызды дүние болмақ.

Айбар Олжаев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2529
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 690
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 661