Дүйсенбі, 12 Қазан 2026
Жаңалықтар 820 0 пікір 8 Қыркүйек, 2026 сағат 16:21

Үкіметтің алдында қандай міндеттер тұр?

Сурет: Солтан Жексенбеков/Kazinform.

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция күшіне енген тарихи кезеңде Үкімет алдында тұрған басты міндеттерді атады.

Бүгін Құрылтай сайлауынан кейін жаңартылған құрамда Үкіметтің алғашқы отырысы басталды.

— Жаңа Конституция заңды күшіне еніп, мемлекетіміз саяси және экономикалық жаңғыруға қадам басқан тарихи кезеңде еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін бәріміз жан-жақты шараларды қабылдауға міндеттіміз. Барлық бағыт пен салалар бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүйелі әрі кешенді түрде жүзеге асыру қажет, — деп атап өтті Премьер-министр.

Үкімет басшысының айтуынша, «Заң мен Тәртіп» және «Таза Қазақстан» конституциялық қағидаттары әрдайым биік тұруға тиіс. Үкіметтің жұмысы кешенді шараларды қабылдай отырып, озық қарқынмен жүруі керек.

— Қазір толық жауапкершілікті мойнымызға алып, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті шешімдерді жедел қабылдайтын уақыт. Бәріміз Президенттің жоғары сенімін толығымен ақтауымыз керек, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұған дейін жаңадан тағайындалған Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов ант берген еді.

Өткен аптада Премьер-министр орынбасарлары мен министрлер толықтай тағайындалып, Үкіметтің жаңа құрамы белгілі болған еді. Министрлердің басым бөлігі қызметінде қалды. Дегенмен, кей саланың министрлері ауысты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 951
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1281