Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 161 0 пікір 8 Қыркүйек, 2026 сағат 16:26

Латынға көшу: Қаражат бюджетке қайтарылып жатыр

Сурет: azattyq.org сайтынан алынды.

Үкімет үйіндегі брифингте Ғылым және жоғары білім министрлігі әліпбиді латын графикасына көшіру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты.

Министрлікке қарасты Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Эльмира Асан қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі қарастырып жатқанын айтты.

— А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тіл Қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығының және жоғары оқу орындарының жетекші ғалым-лингвистерін тарта отырып, латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жобасы мен орфография ережелерін жетілдіру жөніндегі жұмыс жүргізілуде, — деді комитет өкілі.

Оның айтуынша, қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің кезең-кезеңмен атқарылатын жоспары латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиі мен орфография ережелері қабылданғаннан кейін әзірленеді.

Комитет өкілі латын қарпіне көшудің нақты уақыты жоқ екенін және нормативтік-құқықтық актілер құрылуы қажет екенін жеткізді.

— 2020 жылдан бастап осы бөлінген қаражат республикалық бюджетке қайтарылып жатыр, — деді Э. Асан.

Дереккөзі: Қазақпарат

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2538
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 696
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 668