Дүйсенбі, 12 Қазан 2026
Жаңалықтар 621 0 пікір 8 Қыркүйек, 2026 сағат 16:34

Екібастұз ГРЭС-2-нің құны 2,55 трлн теңге...

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Екібастұз ГРЭС-2-нің жаңа энергоблоғы бойынша келісімшарт құны 2,55 трлн теңгеге бағаланды.

Екібастұз ГРЭС-2-нің жаңа энергоблоғы бойынша «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есептеу-қаржы орталығы» ЖШС-мен жасалған келісімшарт құны 2,55 трлн теңгеге бағаланды, деп хабарлайды «За нами уже выехали» телеграм-арнасы.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы 65 млрд теңгеге облигация шығарып, үшінші және төртінші энергоблоктардың құрылыс шарттарын өзгертуге негіз болған жобаның жаңа егжей-тегжейлері белгілі болды. 2 қыркүйекте станция «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есептеу-қаржы орталығы» ЖШС-мен шартқа отырды. Келісімшарттың жалпы құны 2 551 566 946,5 мың теңгені (шамамен 2,55 трлн теңге) құрайды. Бұл — ГРЭС-2-нің барлық активтерінің баланстық құнының жартысынан астамы», — делінген дүйсенбідегі хабарламада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 944
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1270