Сейсенбі, 13 Қазан 2026
Жаңалықтар 702 0 пікір 8 Қыркүйек, 2026 сағат 16:40

Бектенов: «Елде жұмыс жоқ» деген сөз болмауы тиіс!

Сурет: skillbox.ru сайтынан алынды.

Жыл басынан бері қазақстандық жұмыс берушілер Электронды еңбек биржасында 845 мың бос жұмыс орнын орналастырды, оның 432 мыңы — жумысшы мамандарға арналған. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, портал арқылы жұмыс іздеушілердің 60–70%-ы жұмысқа орналасады. Дегенмен, жарияланған бос орындардың 30–40%-ы бойынша жұмыс берушілер қажетті мамандарды таба алмай келеді. Кадр тапшылығы салдарынан компаниялар уақытша шетелдік жумыс күшін тартуға мәжбүр — жыл сайын Қазақстанға жұмыс істеу үшін 300 мыңға жуық шетелдік келеді.

«Яғни, жұмыс істегісі келген адамға жұмыс табылады ғой?» — деп сұрады Премьер-министр Олжас Бектенов.

«Иә. Жұмыс істегісі келген адамға жұмыс бар», — деп жауап берді Ертаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 966
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1308