Сенбі, 10 Қазан 2026
Жаңалықтар 694 0 пікір 8 Қыркүйек, 2026 сағат 16:42

Финляндия Ресеймен шекарада қоршау орнатты

Сурет: themoscowtimes.com сайтынан алынды.

Финляндия Ресеймен шекараның жекелеген учаскелерінде ұзындығы 200 шақырым болатын қоршау құрылысын аяқтады, деп хабарлайды Yle. 2023 жылы басталған бұл жобаның жалпы құны 356 млн еуроны құрады, ал оған жыл сайынғы қызмет көрсету шығыны 1,5 млн еуроға бағаланып отыр.

Бұл заңсыз шекара бұзудың алдын алу үшін салынған. Қоршау — бейнебақылау камераларымен, жарықтандыру шамдарымен және дауыс ұлғайтқыштармен жабдықталған металл торлы конструкция. Оның бойымен патрульдік көліктерге арналған жол төселген. Мемлекеттік шекараны нығайту кешені бірнеше аумақты қамтиды: 140 шақырымы Оңтүстік Карелия мен Кюменлааксоға, 35 шақырымы Солтүстік Карелияға, ал 25 шақырымы Кайнуу, Койллисмаа және Лапландияға тиесілі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 930
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1245