Венгрия Ресей дипломаттарын елден қуды
Венгрия Будапешттегі Ресей дипломатиялық миссиясының 10 қызметкерін елден шығарады.
Венгрия Сыртқы істер министрі Анита Орбанның айтуынша, сыртқы саясат мекемесі Ресейдің Будапешттегі елшісіне ресми хабарлама жіберген. Онда «Венгрия билігінің бағалауынша, Ресей миссиясының он қызметкері елде Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының мәртебесіне сай келмейтін әрекеттермен айналысқан» деп көрсетілген.
Министр Орбан аты-жөні мен лауазымдары жарияланбаған ресейлік азаматтардың «Венгрияның қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету» мақсатында елден шығарылатынын мәлімдеді. Сонымен бірге ол бұл қадамның Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты үзуді білдірмейтінін баса айтты.
«Венгрия өзара сыйластық пен бекітілген ережелерді сақтауға негізделген қажетті диалогты ары қарай да жалғастыруға ниетті», — деп жазды министр 8 қыркүйекте.
Будапештің бұл шешіміне Мәскеу тарапы әлі ресми жауап бере қойған жоқ.
Abai.kz