Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 149 0 пікір 9 Қыркүйек, 2026 сағат 16:39

Қазақстан мен Әзербайжан: Паром қайта жанданады

Сурет: azertag.az сайтынан алынды.

Қазақстан мен Әзербайжан арасында пароммен жолаушылар тасымалы қайта жанданады. 

Қазақстан азаматтары жақын арада Каспий теңізі арқылы Әзербайжанға қайтадан пароммен сапарлай алады. Бұл туралы Қазақстанның Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлім Байел мәлімдеді.

Елшінің айтуынша, екі ел арасындағы теңіз арқылы жолаушылар қатынасын қайта ашу бастамасын Қазақстан тарапы ұсынған. Бастаманы әзербайжандық әріптестер қолдап, қазіргі уақытта екі мемлекеттің көлік ведомстволары жобаны жүзеге асырудың тиісті ұйымдастыру-техникалық жұмыстарына кірісіп кетті.

Каспий арқылы паром қатынасының қайта ашылуы:

  • Екі ел арасындағы туристік және мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттырады;

  • Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта коридор) жолаушылар мен азаматтық тасымал әлеуетін кеңейтеді;

  • Орталық Азия мен Кавказ өңірі тұрғындары үшін баламалы әрі қолжетімді сапарлау бағыттарын ұсынады.

Еске салсақ, коронавирус пандемиясы мен енгізілген карантиндік шектеулерге байланысты Каспий арқылы жолаушылар тасымалы тоқтатылып, соңғы жылдары паромдар тек жүк тасымалдау бағытында жұмыс істеп келген болатын.

Көлік ведомстволары жүргізіп жатқан келіссөздер қорытындысы бойынша паромның нақты қашан қатынай бастайтыны мен кестесі қосымша хабарланады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1026
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2575
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 717
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 679