Жұма, 18 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 492 0 пікір 14 Қыркүйек, 2026 сағат 14:29

Алматыда тағы бір демалыс аймағы пайда болды

Суреттер: Алматы қаласы әкімдігінен алынды.

Алматының Түрксіб ауданындағы Палладин көшесінде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында қоғамдық кеңістік көркейтілді. Бұл туралы Түрксіб ауданының әкімдігінің өкілдері айтты.

Аумақта балаларға арналған ойын кешендері мен воркаут алаңы орнатылып, қауіпсіз жабын төселді. Тұрғындардың демалуына арналған пергола мен орындықтар қойылды.

Сондай-ақ жүргінші жолдары салынып, жарықтандыру жүйесі орнатылды, көгалдандыру және автоматты суару жүйесін жүргізу жұмыстары атқарылды.

Аудан әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, бүгінде бұл демалыс аймағы тұрғындардың жиі бас қосатын орнына айналған.

Биыл Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 24 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында сквер, жүргінші аймағы, демалыс алаңы және автоматты суару жүйесін орнату жобасы бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1303
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2861
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 958
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 893