Сейсенбі, 13 Қазан 2026
Жаңалықтар 600 0 пікір 15 Қыркүйек, 2026 сағат 13:59

Иеромонах Иаков Воронцов ісі басқа арнаға бұрылды

Сурет: ratel.kz сайтынан алынды.

Иеромонах Иаков Воронцовқа қатысты шулы қылмыстық іс кенеттен басқа арнаға бұрылды: тергеу оған тағылған ең ауыр айыптаулардың бірін сызып тастады.

Ресейдің Украинадағы соғысына қарсы шығып, Мәскеу патриархатынан тәуелсіз шіркеу құрмақ болған діни қызметкерге енді неліктен «есірткі приторын ұйымдастырды» деген бап қолданылмайтын болды?

Адвокат Ғалым Нұрпеисов жаңа айыптау актісінен 302-баптың алынып тасталғанын растағанымен, құқық қорғау органдары мұндай шұғыл бетбұрыстың себебін әлі ашып айтпай отыр.

Желтоқсандағы тұтқындаудан кейін сот процесі кейінге қалдырылып, істің саяси әрі құқықтық астары төңірегіндегі сұрақтар одан сайын көбейе түсті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 960
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1293