АҚШ-та Қазақстан азаматы ұсталды: Істің мән-жайы...
АҚШ-тың Флорида штатында иммиграциялық қызмет Қазақстан азаматын заңды миграциялық мәртебесінің болмауына байланысты ұстады, деп хабарлайды ҚазТАГ.
«Қазақстан азаматы Флорида штатының аумағында заңды миграциялық мәртебесі болмағандықтан, АҚШ-тың иммиграциялық қызметі тарапынан ұсталды», – делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің түсініктемесінде.
Сондай-ақ СІМ өкілдері қазақстандық дипломаттардың АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен және ұсталған азаматтың отбасымен тұрақты байланыста екенін, оған қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатқанын қоса айтты.
Abai.kz